Ақпараттық портал

Кәсіби еңбекке шынайы құрмет

Өткен аптада ел ұстаздары өздерінің төл мерекелерін атап өтті. Соған байланысты түрлі құрмет шаралары өтіп, мұғалімдердің құшағы гүлге толды. Атап айтқанда, Ақорданың төрінде оқу-ағарту ісіне елеулі үлес қосқан ұстаздар Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қолынан марапат алған болатын.
Сондай салиқалы шаралар Шу өңірінде де көптеп өткізілді. Олардың ішінде «Қазақстан халық партиясы» ұстаздарды ұмыт қалдырған жоқ. Аталмыш партияның аудандағы өкілдігінің төрағасы Серік Сәрсенбеков мереке қарсаңында мұғалімдерді құттықтады. Құрметке бөленгендердің арасында ардагер ұстаздар Айжан Болатқызы Иманова мен Мәкен Сарманбетқызы Кокимбаева бар.
Білім беру ісінде өлшеусіз із қалдырған қос ардагерге партия сәлемі мен құттықтауын жеткізген Серік Жұмалыұлы салт-дәстүрге сай сый-сияпат жасап, зор денсаулық, берекелі ғұмыр тіледі.
Өз кезегінде мерейі үстем болған зейнеткерлер меймандарына ыстық ықыласын білдірді.

Байжан Емберді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.