Ақпараттық портал

2025 жылдың қыркүйек-желтоқсанында ер жынысты азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

§ 1
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 16 ақпанындағы № 561-ІV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27, 28, 31 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 ақпандағы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2025 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-жолтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» №782 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскерге қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 620 Қаулысының 5,34 тармақтарына сәйкес, Шу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 ақпандағы «2025 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» №84 қаулысының талаптарына сай, Шу ауданының аумағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа да әскерлері мен әскери құрамаларына ер жынысты азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 2025 жылдың қыркүйек-желтоқсан аралығында өткізілсін.
§ 2
Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жинақтау бөлімшесіне 18 жасқа толған 2007 жылы туылған, сондай-ақ әртүрлі себептермен әскерге шақырылмаған және шақыру мерзімі ұзартылмаған 1998-2007 жылы туылған ер жынысты азаматтар шақырылды.
§ 3
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа да әскерлері мен әскери құрамаларына мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын барлық ер жынысты азаматтар шақыру қағазында көрсетілген құжаттармен жинақтау бөлімшесіне белгіленген күнде және уақытында келуге міндетті. Шақыру қағазын алмаған ер жынысты азаматтар 2025 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеке басын куәландыратын құжатын алып келуі тиіс.
§ 4
Шу ауданында уақытша келген мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын ер жынысты азаматтар әскери есепте тұрған жеріне шақыру комиссиясынан өту үшін кідірмей тұрғылықты жеріне қайтуы тиіс.
§ 5
Мерзімді әскери қызметке шақыруға уақытылы келмеген немесе шақыру комиссиясына келуден жалтарған ер жынысты азаматтар заң жүзінде жауапқа тартылады.
§ 6
Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының негізінде мекеме, кәсіпорын, ұйым, оқу орындарының басшылары әскерге шақырушыларды жұмыстан (оқудан) босатуға, іссапардан шақыртып алуға және шақыру бөлімшесіне уақытылы келуіне жағдай жасауға міндетті.
§ 7
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімшесінің бастығы майор Д.Молдабековке жүктелсін.
§ 8
Бұйрық Шу ауданы аумағында орналасқан барлық мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларына, Шу қаласы мен ауыл округтері әкімдеріне жеткізілсін.

Ж.Абиев,
Шу ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы,
подполковник.

Leave A Reply

Your email address will not be published.