Ақпараттық портал

ЕКПЕ АЛУ – маңызды

Екпе егу халықты талай жылдар бойы көкжөтел, қызылша, қызамық, шошқа мойын, туберкулез, полиомиелит, сіреспе, В,А гепатиттері, тұмау, туляремия, құтыру сияқты аурулардан қорғап келген, сондықтан әлем ғалымдары бүгінгі күні коронавирусқа қарсы екпе жасатуды жоспарлап отыр.
Алдын ала екпелер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен ұлттық егу күнтізбесіне сай жоспарлы түрде өткізіліп отырады. Бұл екпе жасау шығындарын мемлекет өзі көтеретін болғандықтан тегін жасалады. Қазақстан Республикасына келіп түскен екпелердің бәрінде сапа сертификаттары бар, бұл дегеніміз екпелер профессорлар мен иммунологтар жұмыс істейтін комитеттің рұқсатымен тексеріліп, сапа сертификаты берілгеннен кейін ғана пайдалануға жіберіледі. Екпелер дайындалған күннен бастап, екпе жасалғанға дейін екпенің жоғарғы белсенділігі сақталады.
Екпе ауруға қарсы ағзаның қорғаныш реакциясын күшейтеді, аурудан қорғайды, егерде ауыра қалған жағдайда ауру асқынбай жеңіл өтеді. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан екпе үшін жұмсалып жатқан қыруар қаражат, тек қана елдің амандығы, дені сау ұрпақтың болашағының жарқындығы үшін жасалынып отыр.
Қазақстанда өмір сүру ұзақтығының өсуіне және қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуы тиіс, тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасау қажет деп ерекше көңіл бөлген, саламатты өмір салтын насихаттау қажеттілігіне көңіл аударған.
Сондықтан әр адам өз денсаулығын өзі сақтау керек, әр адамның денсаулығы, ол қоғамның денсаулығы, қоршаған орта, жұтатын ауа, ішетін су, осының бәрі, біздерге ортақ. Осы өмірде саламатты, бақытты өмір сүруге барлығымыз бірдей атсалысайық, алдымен өз денсаулығымызды сақтайық, ол өз қолымызда. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде деп,- ата- бабаларымыз бекер айтпаған, аурудың алдын алу керек екендігін айтып кетсе керек. Аурудың өршіп кетпеуінің тағы бір түрі – ол екпе алу, бұл шараны дер кезінде қолдану- аурудың таралуына жол бермейді және ауырған жағдайда ауру өте жеңіл өтеді. Сондықтан адамдардың барлығы ақылға келіп, үкіметтің сыйлаған тегін екпе алу мүмкіндігін орынды пайдаланып екпе алған жағдайда аурудың азаюына және аурудың асқынуына жол берілмейді.
Сондықтан, әрбір адам жұқпалы ауруларға қарсы екпе жасата отырып, өз денсаулығын сақтай отырып, ауыра қалған жағдайда жұмсалатын қаржыны да үнемдейді және қоғамның денсаулығына да зиян келтірмейді.
А.Кожанова,
Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының
бас маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.