Ақпараттық портал

Өңірдің әл-ауқатын арттыру – қашанда өзекті болып табылады

Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына қатысты

 

Биылғы жылдың ІІІ-ші тоқсанында ауданның барлық әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасты.

Өнеркәсіп саласында 92,0 млрд теңгеге өнім өндірілді (109,0 пайыз), 2024 жылы – 28,9 млрд теңге (НКИ 99,5 пайыз).
Ауылшаруашылық саласында 61,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді (100,0 пайыз), 2024 жылы – 60,3 млрд теңге (НКИ 66,1 пайыз).
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 28,3 мың шаршы метрді құрады (102,6 пайыз), 2024 жылы – 27,6 мың шаршы метр (НКИ 101,2 пайыз).
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 27,8 млрд теңгені құрады (117,4 пайыз), 2024 жылы – 21,5 млрд теңге (НКИ 107,4 пайыз).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 34,1 млрд теңгені құрады (100,0 пайыз), 2024 жылы – 32,3 млрд теңге (НКИ 67,7 пайыз).
Инвестиция көлемі 78,6 млрд теңгені құрады (145,3 пайыз), 2024 жылы – 50,0 млрд теңге (НКИ 92,9 пайыз).
Бірінші кезекте өңірге инвестиция тарту – негізгі міндет. Ауданда инвесторлардың қызығушылығын арттыру бағытында 2024 жылы 26, ал 2025 жылы 17 инвесторлармен кездесулер өткізілді.
Нәтижесінде, жалпы құны 1,039 трлн теңгені құрайтын 28 инвестициялық жобалармен жұмыс жүргізілуде (24 жоба «Jibek joly» АЭА аумағында орналасқан).
Оның ішінде, 7 жоба іске асырылды.
Олар:
1. «Alstom» компаниясының электровоз құрастыру зауыты. Жоба құны – 5,0 млрд теңге. Жұмыс орындары – 150.
2. «ХИМ-плюс» ЖШС – гербицид өндіру зауыты. Жоба құны – 26,3 млрд теңге. Жұмыс орындары – 48.
3. «C9 Technologies» ЖШС – кассалық чек өнімдерін өндіру цехы. Жоба құны – 59,4 млн теңге. Жұмыс орындары – 10.
4. «Chemical Engineering» ЖШС – аммоний бифторидін өндіру цехы (әйнек өндірісінде қолданылады). Жоба құны – 226,0 млн теңге. Жұмыс орындары – 20.
5. «КПМ Пласт» ЖШС – полиэтилен құбырларын өндіру цехы. Жоба құны – 193,0 млн теңге. Жұмыс орындары – 25.
6. «ЭкоБәйшешек» ЖШС – өндірістік үй-жай салу жобасы. Жоба құны – 2,3 млрд теңге. Жұмыс орындары – 30.
7. «КазТрубЗавод» ЖШС – НПВХ құбырларын өндіру цехы. Жоба құны – 237 млн теңге. Жұмыс орындары – 47.
Сонымен қатар, 8 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде және 13 жоба жобалау сатысында. Олар: «Zhambyl Minerals» ЖШС, «ASK Solar Energy» ЖШС, «Miracle» ЖШС, «Kazakhstan Hydrogen Peroxide», «J-Victor New Energy», «Taraz Gelatin», “Sany Renewable Energy Kazakhstan Wind Power Equipment Manufacturing Base Ltd”, «Yonggang Central Asia Iron and Steel», «Shengtai Biotech Co» (Фуфенг), «Altynalmas Reagents», «Arrivo Industry», «Qaz LNG Production», «Qazsin Agro», «Асыл Минералс», “Kazchem Industries”, «AvatarAgriculturalMachinery», «ATX IndustryGroup», «SUARUEngineering», Amicos», «Suqainar», «Oriental Bulding Materilas».
Аталған жобалар 2026-2030 жылдары толық қуаттылығына енгеннен кейін, 5000-нан аса жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.
Жобалардың ішінде «Shengtai Biotech Co» (Фуфенг) компаниясы, яғни жүгеріні тереңінен өңдеу зауытының жобасына ерекше тоқталып өткім келеді. Аталған жобаның құрылыс жұмыстарына бүгінгі күнге 40 млрд теңгеге жуық инвестиция салынып, құрылысы қарқынды жүргізілуде. 2031 жылы зауыт толық іске қосылып, 1500 жаңа жұмыс орындары ашылып, жылына 3-5 млн тоннаға дейін өнім өңдейтін Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорындардың бірі болмақ.
Ауданымыздың инвестициялық тартымдылығын арттыру, қаржы көзін тартудың жаңа тетіктерін қарастыру, инсвесторларға жайлы жағдай жасау мақсатында «Jibek joly» аймағының аумағын ұлғайту бағытында жұмыстар атқарылуда.
Ақпарат үшін: «Jibek joly» АЭА-ның бастапқы жер көлемі 505 га, қазіргі таңда, қосымша 700 га жер телімі қосылған (о.і 400 га «Shengtai Biotech Co» (Фуфенг) компаниясына берілген, 300 га жер телімін бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысы шығып, Үкімет тарапынан мақұлдануы күтілуде).
Сонымен қатар, аймақтың қажеттілігіне сәйкес кезең-кезеңімен 1300 га жер телімін бөлу мүмкіндігі қарастырылуда.

Жайылым

Өзекті мәселелердің бірі – жайылым жерлер. Жайылым жерлердің пайдалануына тұрақты түрде зерделеу жұмыстары жүргізіледі, нәтижесінде 2024 жылдың қорытындысымен 9 926 гектар (оның ішінде 3970,3 га – тәлімі егістік, 5951,3 га – жайылымдық, 5,2 га өзге жерлер) ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімдері мемлекеттің жер қорына қайтарылса, биылғы жылдың соңына дейін 13 000 гектар жерді қайтаруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде, бүгінгі күнге 11 211 гектар жер қайтарылды.
Келесі маңызды мәселе, ирригациялық жүйелерді жақсарту. Бұл бағытта ауданымыздағы жалпы 95 каналды (3 магистралды, 92 шаруашылық канал) кезең-кезеңімен жөндеу жоспарланған.
15 каналға қайта жаңғырту жұмыстары ПУИД-2 жобасы аясында темір бетондау жұмыстары толық аяқталып, 15 каналға су берілді.
Сонымен қатар, 80 каналға 3 кезеңде жөндеу жоспарланып, 15 канал ағымдағы жылдың қорытындысымен аяқталып, қалған 65 каналды кезең-кезеңімен 2029 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Тұрғын үй

Аудан бойынша тұрғын үй бойынша тоқталып өтсем. Өздеріңізге белгілі, бүгінгі күнге тұрғын үй кезегіне тұру «Отбасы банкі» арқылы жүргізіледі. Ол дегеніміз, 18 жасқа толған Қазақстанның кез келген азаматы тұрғын үй кезегіне тіркелу мүмкіндігі бар.
2023-2024 жылдар аралығында атқарған жұмысымыздың нәтижесінде 182 азамат баспаналы болды. 2025 жылдың қорытындысымен 140 отбасы үйлі болады деп жоспарлануда.
Тұрғын үй бойынша өзекті мәселеге тоқталып кетсем. Шу қаласындағы «Жетісу» мөлтек ауданында бос тұрған 300 пәтерлік 4 тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында түрлі инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Алайда, ниет білдірушілер болмағандықтан, жобамыз қолдау таппауда.
Сонымен қатар, 2024 жылы Шу қаласындағы «Жетісу» мөлтек ауданындағы 80 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын.
Мердігерлік мекеме «Шебер Билд» ЖШС–нің құрылыс барысында, республика бойынша проблемалы мекеме болуына байланысы, құрылыс жұмыстары тоқтады.
Бүгінгі күнге сот органдары арқылы аталған мекемені жосықсыз деп тану бойынша процесс жүруде.

ауыз су

35 елді мекеннің 32-і (91,4 пайыз) ауыз сумен қамтылған. Ағымдағы жылы Шу қаласының «Қант зауыты» мөлтек ауданында жаңа су имараты іске қосылды. Қамтылмаған 2 ауылда және Шу қаласының мөлтек аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 5 нысан пайдалануға беріледі. Сауытбек ауылындағы аяқталмаған жобаны 2026 жылы іске асыру жоспарлануда.
Ауданымыздағы ең өзекті мәселелердің бірі – Шу қаласындағы кәріз жүйесі. Соңғы 36 жылда жөндеу көрмеген кәріз жүйесі қалаға жақын орналасқандықтан, қала тұрғындарына жағымсыз иіспен қолайсыздық тудыруда. Бұл бойынша аудан тарапынан құны 15 млрд теңгені құрайтын жоба әзірленіп, облыстық және республикалық бюджетке өтінім ұсынылып, бүгінгі күнге дейін қолдау табылмады. Қолдау табылған жағдайда қаладан 11 шақырым жерге көшіріліп, қаланың экологиялық жағдайы жақсарады деген үміттеміз.

көгілдір отын

Аудандағы 35 елді мекеннің 19-ы (51,4 пайыз) табиғи газбен қамтылған. Қалған 16 ауылдың 6-ы экономикалық тиімсіз, 10 ауылда газ қысымы жеткіліксіз. Қысымды қамтамасыз ету үшін Қонаев ауылындағы АГРС құрылысы жобасы 2021 жылы бастама алып, 2026 жылдың 4-тоқсанында аяқталады деген жоспарымыз бар.
Жоба аяқталғаннан кейін, жоғарыда аталған 10 ауылға газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

білім

2024-2025 жылдары білім саласында 9 жоба (3 жаңа мектеп, 4 жапсарлас ғимарат, 2 күрделі жөндеу) қолдау тапты. Жиенбеттегі жаңа мектеп 1 қыркүйекте қолданысқа берілді. 3 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарына құжаттар дайын.

Мәдениет

Мәдениет саласы да назардан тыс қалмай келеді. Белбасар ауылында жаңа 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. 3 мәдениет үйінің қас келбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан аумағында 2 ауылдық клуб апатты жағдайда болса (Ақсу, Далақайнар), 4 клуб ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан (Мойынқұм, Ақтөбе, Алға, Жаңа жол).
Бүгінгі күнге 4 нысанға жобалар дайын (Ақсу, Далақайнар, Жаңа жол, Ақтөбе).
Ал, қалған жобамен қамтылмаған 2 нысанды инвесторлар арқылы жүзеге асыру жұмыстарын жүргізудеміз.

Спорт

2025 жылы Жаңа жол және Шоқпар ауылдарында спорт кешендерінің құрылысы басталды. Нысандар 2026 жылы пайдалануға берілетін болады.
Бірлік, Бірлікүстем, Қонаев және Шоқпар ауылдарында «Қазақмыс Корпорациясы» есебінен футбол, волейбол, стрит-воркаут және балалар ойын алаңшалары орнатылды.
Көкқайнар ауылында күрес залы нысанының құрылысы жыл аяғына дейін аяқталады. Сондай-ақ, Бірлік ауылы және Шу қаласында «Қазақстан халқына» қоры есебінен 2 ангар типтес спорт кешенінің құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға беріледі.
Жергілікті бюджеттен биылғы жылы құны 469,0 млн теңгеге 9 балалар ойын алаңшасы (Шу қаласы – 2, Төле би, Ақтөбе, Балуан Шолақ, Алға, Жайсан, Белбасар, Еңбекші), 2 стрит-воркаут (Төле би, Ақсу), 3 кіші футбол алаңы (Шу қаласы, Төле би, Еңбек), 1 волейбол, баскетбол (Шу қаласы) алаңы орнатылып, пайдалануға берілді.

Жолдар

Маңызды мәселелердің бірі – елді мекен көшелерін жөндеу.
2025 жылы аудан бойынша жалпы ұзындығы 90,3 шақырымды құрайтын 113 көшелер мен бұрылыстар жөндеу жұмыстарымен қамтылады.
Бүгінгі күнге 69,2 шақырым болатын 88 көшеге жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қалған ұзындығы 18,9 шақырым құрайтын 25 көшенің жөндеу жұмыстары 2026 жылға өтпелі.
Аудан аумағындағы 7 ауылдың ішкі көшелері толығымен асфальтталған (Балуан Шолақ, Абай, Сауытбек, Алға, Көкқайнар, Жаңа жол, Белбасар).
Шу қаласында 313 көше бар, ұзындығы 204 шақырымды құрайды. Оның ішінде асфальтталмағаны – 99 көше.
2023-2024 жылдары 62 көшеге асфальт, 3 көшеге тротуар, 16 көшеге шағалтас төселді. Нәтижесінде асфальтталған көшелердің үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 52 пайыздан 61 пайызға жетті.
Биылғы жылы, ұзындығы 26,6 шақырым болатын 44 көшеге жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Бүгінгі күнге ұзындығы 19,5 шақырым болатын 26 көше асфальтталып, жұмыстары толығымен аяқталды. Қалған ұзындығы 7,1 шақырым болатын 18 көше 2026 жылға өтпелі.
Нәтижесінде, асфальт жамылғысымен қамтылған 236 көшені құрайтын болады немесе 75,4 пайызға артады.
2026-2028 жылдар аралығында асфальтталмаған 80-ге жуық көшелерді және 10-20 жыл бұрын жөнделіп, ескірген жолдарды жөндеуіміз қажет.
Бұл бағытта жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.
Өздеріңізге белгілі, қаламыздың басты көрінісі – теміржол вокзалы ғимаратын жөндеу, «Жеңіс» саябағын қайта жаңғырту жұмыстары басталды.
«Жеңіс» саябағының құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін пайдалануға беріледі.
Келер жылдары, ауқымды жұмыстарды жүзеге асыру жоспарымызда бар. Олардың негізгілері:
– Кәріз жүйелерін жаңарту, қаланың сыртына шығару;
– Жылыту жүйелерін жөндеу;
– Ескірген су жүйелерін қалпына келтіру;
– Қауіпсіз қала жобасын іске асыру;
– Абаттандыру және көгалдандыру жұмыс-тарын назардан тыс қалдырмау.
Қорытындылай келе, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында, мемлекеттік бағдарламалардың тиімді іске асырылуы мен жеке инвестициялардың үлесін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізетін боламыз.
Өңірдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарлардың жүзеге асуы тікелей аудан тұрғындарының қолдауы арқылы жүзеге асатындығы айқын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.