Төл теңге – тәуелсіздік нышаны
15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – Теңге күні, сонымен қатар еліміздегі қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Биыл ұлттық валютамыздың айналымға шыққанына отыз екі жыл толып отыр. Бұл күн мемлекеттігіміздің мәртебесі тағы бір дәлелденіп, мерейіміз үстем болып, абыройымыз асқақтап, төл теңгемізді қолға ұстаған күн. Адамзат кез келген жұмыстың, әр мамандықтың абыройлы екендігін және де адамның өз жұмысына қаншалықты жауапкершілікпен қарап, қаншалықты ынта-жігермен жұмыс істейтініне байланысты болатынын әрқашан мойындап отырған. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің артықшылығы, өзінің қайталанбас тарихы, өз құндылығы және өз майталмандары бар. Әрине, әр кәсіптің өзінің ерекше аталып өтетін мерекелі күні – өзінің кәсіби мерекесі.
Аудандық қаржы бөлімінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірыңғай мемлекеттік экономикалық қаржы саясатын, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету, коммуналдық меншікті басқару, есепке алуды ұйымдастыру және үйлестіруді жүзеге асыратын жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады. 90 жылға жуық тарихы бар ауданымыздың алғашқы құрылған жылынан бастап мекеме ауданымыздың әр жылғы өркендеуімен қарышты қадамындағы қаржының мақсатты және толығымен жұмсалғанын бақылайтын өкілетті бірден-бір мекемесі. Қарапайым тілмен айтсақ, ауданымыздың қалтасындағы қаржының қайда және қалай жұмсалатынын бақылап, оның орындалуын қадағалайтын мекеменің бірі болып табылады.
Аудан бюджетінің кіріс бөлігі мен шығыс бөлігі де жылдан-жылға артып келеді. Жыл қорытындысы бойынша аудан бюджетінің бекітілген жоспарын толығымен игеруге жұмыстар жүргізілуде. Жалпы бюджеттің шығыс жағының орындалуының деңгейі, қаржы саласының жұмысын бағалаудың көрсеткіштері бойынша аудандық қаржы бөлімі облыс бойынша үнемі алдыңғы қатарда.
Біздің кәсіби мерекеміз – Қаржыгерлер күні және ұлттық валюта күніне ең ыстық құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Сіздерге жұмыстарыңыздың келешекте де Қазақстан Республикасының экономикасын, қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге мүмкіндік туғызуға бағытталуына тілектеспіз. Деңдерініз сау, еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге жүрекжарды тілегімізді білдіреміз!
Е. Рахимкулов,
Шу ауданы әкімдігі қаржы бөлімінің
басшысы.