Ақпараттық портал

Жамбыл облысындағы ең сұранысқа ие үш мемлекеттік қызмет белгілі болды

2025 жылы Жамбыл облысындағы ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар арқылы 759 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ өңір тұрғындары арасында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер белгілі болды.
Өткен жылы көрсетілген ТОП-3 ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтің көш басында жеке куәлік пен ҚР паспортын беру қызметі тұр — бұл қызмет 188 325 рет көрсетілген. Екінші орында — көлік құралдарын тіркеу, бұл бағытта 181 008 өтініш қабылданған. Үшінші орынға ЭЦҚ алу қызметі жайғасты — 79 985 азамат электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеген.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиал директоры Батырхан Тоқтағұлдың айтуынша, ең көп мемлекеттік қызмет Тараз қаласындағы №2 мамандандырылған ХҚКО-да көрсетілген — 135 224. Одан кейін Тараз қалалық Әулиеата ауданының №1 ХҚКО-сы — 120 665 қызмет көрсеткен және Қордай аудандық ХҚКО 72 157 қызмет көрсетіп, үштікті қорытындылап тұр.
Бүгінде мемлекеттік қызметтер тізілімі 1 448 қызмет түрін қамтиды. Оның 91,8 пайызы, яғни 1 330 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы қолжетімді.
Еске сала кетейік, азаматтар мемлекеттік қызметтерді тек ХҚКО-ларда ғана емес, онлайн форматта да ала алады. Атап айтқанда, «ЦОН» мобильді қосымшасы уақытты үнемдеуге көмектесіп, мемлекеттік сервистерді айтарлықтай қолжетімді етеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Жамбыл облыстық филиалы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.