Ақпараттық портал

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды

Қоғам дамуының басты кепілі — әділеттілік. Ал әділеттің тірегі — заң. «Заң бар жерде — әділдік бар» деген нақыл сөздің түп төркіні де осы ұғыммен байланысты. Бұл сөз — жай ғана қанатты тіркес емес, өркениетті қоғамның басты қағидасы, мемлекеттің тұрақтылығы мен халықтың сенімінің кепілі.

Заң — адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты реттейтін басты құрал. Әділ заң қоғамдағы әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауға міндетті. Тек заң үстемдік құрған елде ғана шынайы тәртіп пен әділет орнайды. Егер заң әділ болмаса, әділеттілік те болмасы анық.
Мемлекет азаматтарының құқықтарын тең дәрежеде қорғау үшін заңды дұрыс орындау жеткіліксіз, оны әділ түрде қолдану — маңызды шарт. Заңның алдында бай да, кедей де, шенеунік те, қарапайым адам да тең болуы керек. Сонда ғана халық заңға сеніп, әділетке иек артады.
Бүгінгі күні елімізде құқықтық сауаттылықты арттыру, заң мәдениетін қалыптастыру бағытында біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Мектептерде құқық негіздері пәні оқытылып, жоғары оқу орындарында болашақ заңгерлер даярлануда.
Сонымен қатар, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде құқықтық тәрбиеге баса назар аударылып, Шу жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң бар жерде — әділдік бар» атты пікірталас өткізілді. Жастар арасында заңға құрметпен қарау, өз құқығы мен міндетін білу, әділетсіздікке қарсы тұру сияқты құндылықтар насихатталуда. Бұл — болашақта әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадамдар.
Заң мен әділет — егіз ұғым. Қай қоғамда болсын әділдік салтанат құрмаса, тұрақтылық пен сенім де болмайды. Сондықтан заңды білу, оны құрметтеу — әрбір азаматтың парызы. Заң аясында өмір сүру — тек міндет қана емес, сонымен бірге қоғам алдындағы жауапкершілік.
Қорытындылай келе, «Заң бар жерде — әділдік бар» деген қағида — мемлекеттің рухани-әлеуметтік негізі. Заң үстемдік, әділеттілік салтанат құрған елде ғана нағыз демократиялық қоғам қалыптасады. Ендеше, әділет пен заңды ту етіп, болашаққа сеніммен қадам басайық. Бұл — болашақта әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадамдар.
Зере Қабланбекова,
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің бағдарламашысы.
Жаңа жол ауылы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.