Ақпараттық портал

Атқарылған іс ауқымды

Шу ауданының қоғамдық кеңесі өз қызметін ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы аясында және жұмыс жоспарға сәйкес жүзеге асырып келеді.
Шу ауданының қоғамдық кеңесі 2025 жылдың I-тоқсанындағы жоспарға сай өз отырысында «Ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының 2024 жылғы қорытындылары және 2025 жылдың жоспарына енгізілген мәселелер туралы» аудан әкімінің есебі қаралған.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі Б.О.Жәнібеков есеп берген. Есепті қарау және талқылау барысында кеңес төрағасы және кеңес мүшелері Б.Қарғабаев, Б.Қайранов, Г.Инкарбекова, С.Абдуманапов сауалдар қойып, тиімді ұсыныстар енгізген. Қаралған мәселе бойынша кеңес отырысы тиісті ұсынымдар қабылдады.
Қабылдаған ұсынымдар бойынша жыл ішінде аудан әкімдігі тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, аудан аумағында инвестициялық жобалардың толыққанды жүзеге асырылуы бойынша инвесторларды тарту бағытында 2024 жылы 26, ал 2025 жылы 30 кездесу өткізілген. Нәтижесінде, жалпы құны 1,050 трлн теңгені құрайтын 28 инвестициялық жобалармен жұмыс жүргізілген (23 жоба «Jibek joly» АЭА аумағында орналасқан). Оның ішінде, 65,9 млрд теңгені құрайтын 8 жоба іске асырылған, 951,8 млрд теңгені құрайтын 11 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде (3865 жұмыс орындары) және 32,4 млрд теңгені құрайтын 9 жоба жобалау сатысында (680 жаңа жұмыс орындары).
Қазіргі таңда Шу ауданында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан 5 жобада жергілікті жердің 540 азаматы еңбек етуде.
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында, 2025 жылдың қорытындысымен, аудан бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 82 322,3 млн теңгені құраған. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығы – 57 751,5 млн теңге, мал шаруашылығында – 24 491,1 млн теңгенің өнімі өндірілген, нақты көлем индексі 128,2 пайызды құраған.
Ауданның елді мекендері бойынша 2025 жылдың жоспарына енгізілген көше жолдарын жөндеу бойынша ұзындығы 90,3 шақырымды құрайтын 35 жоба аясында 111 көше мен бұрылыс жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі күнге 63,8 шқ болатын 82 көшеге жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Қалған 23,4 шақырымды құрайтын 29 көшенің жөндеу жұмыстары 2026 жылға өтпелі.
Аудандағы әлеуметтік нысандарды, елді мекен тұрғындарын газбен толық қамту мақсатында аудан бойынша жалпы 35 елді мекеннің 19 елді мекені толық газдандырылып, қамтылу көрсеткіші 54,28 пайызды құрайды. Шу ауданы бойынша тұрмыстық газға қосылған абонент саны – 13 799 оның ішінде әлеуметтік нысандар саны – 17, кәсіпкерлік нысандар саны-361, Шу қаласы, Төле би а/о көп қабатты тұрғын үйлер саны -64.
Мәдениет үйі мен клубы жоқ елді мекендерде жаңадан мәдени ошақтар салу тетіктерін қарастыру бойынша Белбасар ауылында жаңа 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілген бұл мақсатқа 225214,6 мың теңге қарастырылған. 3 мәдениет үйінің қас келбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілген, 2 ауылдық клуб апатты жағдайда болса (Ақсу, Далақайнар), 4 клуб ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан (Мойынқұм, Ақтөбе, Алға, Жаңа жол).
Тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтарды кезең-кезеңімен баспанамен қамту жұмыстарын жүйелі жүргізу, 2025 жылғы 24 мамырға дейінгі жағдай бойынша ауданда коммуналдық мемлекеттік тұрғын үй кезек тізіміндегі 1831 азамат «Отбасы банк» АҚ-ға тіркелді (жетім балалар – 191, көпбалалы отбасылар – 579, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар – 847, мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер – 214). 2025 жылдың 6 маусымында 39 үй пайдалануға берілді (халықтың әлеуметтік жағынан осал топ – 29, жетім балалар 7, ата-ана қамқорынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасы- 3).
Аудан аумағында азық-түлік тауарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, бағаны тұрақтандыру және негізсіз өсуін болдырмау мақсатында аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі тарапынан, негізгі әлеуметтік маңызы бар азық–түлік тауарларының бағаларын себепсіз көтермеу туралы аптасына екі мәрте түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Өткен жылдың II-тоқсанында кеңес отырысында «Денсаулық сақтау саласы бойынша халыққа қолжетімді сапалы дәрігерлік көмек көрсету жұмыстарының жайы» қаралған.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Шу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Ж.Айтишев, Шу көпбейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы М.Жүсіпбекова, Шу қалалық емханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Г.Іңкәрбекова хабарламалар жасаған.
Хабарламаларды қарау және талқылау барысында қеңес төрағасы Т.Әрістеев және кеңес мүшелері Б.Қарғабаев, Ж.Чекаев, Қ.Қораласбаев, С.Абдуманапов, мәслихат төрағасы Ж.Әбенов сауалдар қойып, тиімді ұсыныстар айтқан.
Қаралған мәселе бойынша кеңес отырысы тиісті ұсынымдар қабылдаған. Ұсынымдардың бір қатары өз шешімін тапқан, атап айтқанда:
1. Шу аудандық орталық ауруханасы бойынша қан айналымы жүйесінің, қант диабетімен аурушаңдық, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткіштерін төмендету жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, қан айналымы жүйесінің аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 2025 жылы – 1670 / 3045,2 құраған (2024 жылы – 1344 / 2419,0). Қант диабетімен аурушаңдық көрсеткіші 2025 жылы – 180 / 328,2 (2024 жылы –181 / 325,8). Қан айналымы жүйесінің аурушаңдық көрсеткіштері 25,9 пайызға өскен, себебі скрининг кезіндегі анықтаудың нәтижесінде. Қант диабетімен аурушаңдық көрсеткіші 0,7 пайызға өскен.
Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші – 27/49,2 құраған (2024 жылы – 18/32,4). Қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімде өскені байқалады, себебі ауру тез дамиды, науқастар емделуге кеш жүгінеді;
2. Амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында ақпараттық жүйе «Дамумед» бойынша Шу АОА – сы жұмыс атқаруда. Науқастар «Дамумед» мобильдік қосымшасы арқылы дәрігер қабылдауына жазыла алады. Сонымен қатар, барлық дәрігерлер Face ID арқылы науқастардың идентификациясын жүзеге асыруда. Барлық қабылдауда отырған дәрігерлерде Face ID-мен жұмыс атқару үшін веб камералар орнатылған;
3. Халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру мақсатында Шу аудандық орталық аурухана бойынша жалпы медициналық жабдықпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырылу 98,27 пайызды құрайды, медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу үлесі – 19,7 пайыз. 2025 жылға барлығы 28 дана медициналық аппараттар 251475904,3 теңгеге сатып алынған;
4. Медициналық кадрларды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру бойынша 2025 жылы «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 жас маман қабылданып, жұмыс жасауда (2 жалпы тәжрибелі дәрігер,1 травматолог дәрігері, 1 педиатр дәрігері). 2025 жылы барлығы 136 медицина қызметкерлері біліктіліктерін арттырған, жалпы 5 484 520 теңге жұмсалған.
5. Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасы бойынша халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру мақсатында аурухана бойынша жалпы медициналық жабдықпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырылуы 93,51 пайызға жеткен;
6. Медициналық кадрларды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру бойынша ауруханада барлығы – 231, оның ішінде 42 дәрігер, 86 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Медициналық тапшылық: анестезиолог-реаниматолог және педиатр дәрігерлер. 2025 жылы 38 дәрігер, 56 орта буынды медициналық қызметкерлер білімдерін жетілдіріп, куәлік алған. Ақпараттық жүйе «ДамуМед» бойынша Шу КАОА-сы жұмыс атқаруда. Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасы – 210 төсек орны, соның ішінде 182 тәуліктік, 28 күндізгі төсек.
Шу қалалық емханасы бойынша:
1. Қан тамыры жүйесі скринингі бойынша жоспар 5000 адам, қаралғаны 5000-100 пайыз, қант диабеті скринингі бойынша жоспар 5000 адам, қаралғаны 5000-100 пайыз, анықталған ауру саны 84, бақылауға алып, емделгені 84-100 пайыз, глаукома скринингі бойынша жоспар 5000 адам, қаралғаны 5000-100 пайыз, анықталған ауру саны 5, бақылауға алып, емделгені 5-100 пайыз, колоректалды рак скринингі бойынша жоспар 2648 адам, қаралғаны 2648-100 пайыз, анықталған ауру саны 5, бақылауға алынғаны 5, сүт безі обыры скринигі бойынша жоспар 2137 әйел, қаралғаны 2137-100 пайыз, анықталған ауру саны 576, бақылауға алып, емделгені 576-100 пайыз, жатыр мойын обыры скринингі бойынша жоспар 1782 әйел, қаралғаны 1782-100 пайыз, анықталған ауру саны 109, бақылауға алып, емделгені 109-100 пайыз.
Халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру мақсатында қалалық емханаға қажетті медициналық аппараттармен, тиісті құрылғылармен барынша қамтылған. Әр кабинеттерге, емхананың кіреберісін қыс-жаз режиміндегі жылу мен салқындатқыш қондырғылары орналастырылған. Дәліз, холлдарға емделушілерге отырып демалатын жаңадан софа, диван және орындықтармен жабдықталған.
Емхананың медициналық құралдармен жабдықталуы 97,7 пайызды құрайды. 2025 жылы барлығы 8 826 207 теңге сомадағы қаражатқа медициналық құралдар алынған.
Медициналық кадрларды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру жұмыстарын жүйелі жүргізу мақсатында 2025 жылы біліктілігін арттыру мақсатында барлығы 139 мамандар, оның 37 дәрігерлер және 102 орта буындағы медицина қызметкерлері қайта даярлау курстарынан өткен. Аталған мақсатта 5 152 909 теңге сомадағы қаражат жұмсалған.
Шу ауданының қоғамдық кеңесінің 2025 жылдың III-тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Аудан аумағында басымды бағыттар бойынша құрылыс жұмыстарының жүргізілу жәйі» қаралған.
Осы мәселе бойынша аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы С.Оңланбековтің, аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомомбиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Каликовтың есептері тыңдалды.
Есептерді қарау және талқылау барысында кеңес төрағасы Т.Әрістеев және кеңес мүшелері Г.Инкарбекова, Ж.Чекаев, С.Абдуманапов, Е.Қартайған, Р.Шоңбаев сауалдар қойып, оларға тиісті жауаптар қайтарылған.
Қаралған мәселе бойынша кеңес отырысында тиісті ұсынымдар қабылданған. Ұсынымдардың бір қатары өз шешімін тапқан, атап айтқанда:
Д.Қонаев ауылындағы «Беккари» шұңқыры нысанына баратын жолға ауылдық округі әкімі тарапынан қиыршық тас төселіп, алдындағы қазылған шұңқыр орны көміліп, тегістелген.
Жаңа жол ауылында спорт кешенінің құрылысы бойынша “Компания Сырым Блеке” ЖШС жеңімпаз болып анықталған, Келісімшарт құны – 401 721,4 мың теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталған, 2025 жылға қарастырылған 290 835,0 мың теңге қаражат толығымен игерілген. 2026 жылға қалған қаражат 110 886,0 мың теңге. Дегенмен, мердігер өз есебінен құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтады. Қазіргі таңда, нысанның пайдалануға қабылдап-өткізу актілері және теңгерімге беру құжаттары рәсімделуде.
Белбасар ауылындағы жаңадан пайдалануға берілген мәдениет үйінің айналасына абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары мердігер тарапынан жүргізілді.
Шу қаласы «Жетісу» ықшам ауданындағы 80 пәтерлік №1 тұрғын үй құрылысы нысаны бойынша 2025 жылдың 22 қыркүйегінде облыстық ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз жолданған.
Ал, «SHEBERBUILD» ЖШС жасалған келісім-шарт 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталуына байланысты бір жақты негізде бұзылады.
Шу қаласындағы «Горгаз», «Жанкулиев», «Жайсан» мөлтек аудандарындағы ауыз су құбырларының құрылыс жұмыстары 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілген. Ал, Қорағаты ауылдық округінің «Жиенбет» ауылының ауыз су құбырларының құрылысы 2025 жылдың 31 желтоқсан айында толық аяқталған. Қорағаты ауылдық округінің «Еңбек» ауыз су құбырлары құрылысының абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары 2026 жылдың 01 сәуіріне толық аяқтау жоспарлануда.
Алға ауылдық округінің «Сауытбек» ауылындағы ауыз су құбырлары құрылысы жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Дегенмен, құрылыс жұмыстарына түзету (корректировка) енгізілуіне байланысты құрылысты 2026 жылдың 01 сәуіріне толық аяқтау жоспарлануда.
2025 жылдың IV-тоқсанында кеңес отырысында «Аудандағы мектептерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстарының жәйі» қаралған.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңес төрағасы Т.Әрістеев қоғамдық кеңес мүшелерімен жүргізілген зерделеу қорытындысына тоқталып, мектептерді материалдық-техникалық қамту жұмыстарындағы орын алған кемшіліктерді атап өткен.
Осы мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаев есеп берген.
Есепті қарау және талқылау барысында кеңес төрағасы Т.Әрістеев және кеңес мүшелері Б.Қарғабаев, Ж.Чекаев, Г.Инкарбекова, Қ.Қораласбаев, Б.Қайранов, Р.Шоңбаев сауалдар қойып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды және аудан әкімі Б.Жәнібеков және мәслихат төрағасы Ж. Әбенов тиімді ұсыныстар енгізген.
Қаралған мәселе бойынша кеңес отырысында тиісті ұсынымдар қабылданған. Ұсынымдардың орындалуы тұрақты бақылауға қойылған.
Жыл ішінде қоғамдық кеңес отырысында аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша атқарылған жұмыстар туралы тиісті мекеме басшыларының есептері қаралып, тиісті ұсынымдар берілген.
Үстіміздегі жылдың IV тоқсанында өткізілген кеңес отырысында Шу ауданының қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген.
Қоғамдық кеңес жұмысының жариялылығы аудандық «Шу өңірі газеті», аудандық мәслихаттың ресми сайты, әлеуметтік желісіндегі (Facebook, Instaqram), Facebook желісіндегі Шу аудандық Қоғамдық кеңесінің парақшасы арқылы жүзеге асырылып отырылады. 2025 жылдың 12 айында БАҚ-та және әлеуметтік желілерде 8 материал жарық қөрген. Жалпы 2025 жылы қоғамдық кеңес тарапынан аудан әкімдігі мен мәслихат актілерінің жобаларына 19 ұсыным берілген (әкімдік қаулысы-3, мәслихат шешімі -16).

Т.Әрістеев,
Шу аудандық қоғамдық
кеңесінің төрағасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.