Ақпараттық портал

Ойын-сауық орталықтары тегін қызмет көрсетті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні тарихы терең дата. Сонау 1949 жылы еларалық мәнге ие мереке балалардың өмір сүруге, білім алуға, қорғалуға және ойын білдіруге құқығы бар екенін еске салады. Өмірдің мәні саналатын балалардың мерекесін еліміз ерекше екпінмен атап өтеді. Оның ішінде ерекше күтімді қажет ететін жас жерлестер жергілікті атқарушы органның назарынан тыс қалмайды.
Жылдағы игі дәстүрге сай еларалық мейрам қарсаңында аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен ерекше балаларға арналған шара өтті. Атап айтқанда, аталмыш санаттағы балалар ауданымыздағы «Family time» мен «Көкірек» балаларға арналған ойын-сауық орталықтарында тегін ойнауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар «Синема парк» мәдениет ошағынан тегін мультфильм көруге мүмкіндік алды.
Аталған орындардан балалар көңіл көтеріп қана қоймай, тәтті балмұздақтардан дәм татты. Одан бөлек, аудандық Жастар ресурстық орталығының Төле би ауылдық округі бойынша жастармен жұмыс мамандары аниматорлық костюм киген кейіпкерлерімен қамтамасыз етті.
Ойын мен сауық, көңіл сергітерлік би ата-аналардың да көңілінен шыққан сыңайлы. Олар ұйымдастырушылар мен демеушілерге, сондай-ақ қолдаушыларға өз алғыстарын айтып жатты. Әрі балаларға деген ізгі тілектерін жеткізді.

Байжан Емберді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.