Ақпараттық портал

Балалар күлкісі – бақыттың бастауы

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Мұқағали Мақатаев атындағы мектеп ұжымы оқушыларға ерекше қуаныш сыйлап, танымдық әрі көңілді демалыс ұйымдастырды. Мерекелік шара аясында балалар аудандық саябаққа саяхат жасап, қызықты бағдарламаларға қатысты.
Саябақта бүлдіршіндерді ертегі және мультфильм кейіпкерлері қарсы алып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балалар түрлі ойындарға қатысып, көңілді сайыстарда бақ сынады. Әсем безендірілген мерекелік алаңда ән мен би шырқалып, балалар шат-шадыман күй кешті.
Мереке барысында барлық оқушыларға балмұздақ таратылып, түрлі сыйлықтар ұсынылғанын да айта кеткен жөн. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық мерекенің басты көрінісіне айналды.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың жазғы демалысын көтеріңкі көңіл күймен бастап, оларға қамқорлық пен мейірімділіктің маңызын сезіндіру. Мұндай мерекелік кездесулер жас ұрпақтың бойында достықты, бірлікті және өмірге деген құштарлықты арттырады.
Мұқағали Мақатаев атындағы мектеп ұжымы балаларға жарқын сәт сыйлап, олардың бақытты балалық шағына тағы бір әдемі естелік қосты. Балалар күлкісі мен шаттығы әрдайым ортамыздан арылмай, еліміздің болашағы жарқын болғай!
Балалар – елдің ертеңі, ұлттың болашағы. Сондықтан әрбір баланың бақытты балалық шағы – қоғамның басты байлығы.
Малика Гахраманова,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің
2 курс студенті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.