ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ
Бүгін «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Төле би ауылының орталығында Шу ауданы прокуратурасының үйлестіруімен тұрғындармен кездесу өтті.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті сала мамандарынан жауап алды.