Кітап оқитын ұрпақ – ел ертеңі
Мектеп кітапханасында « Оқитын ұлт» марафоны аясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Марафонның басты мақсаты – жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, көркем әдебиетті насихаттау және оқырман мәдениетін дамыту.
Марафон барысында оқушылар өздері оқыған шығармаларымен бөлісіп, кітаптан алған әсері мен ой-түйіндерін ортаға салуда. «Оқыған кітабым – ойға түйгенім» челленджі, әдеби ринг, кітап оқу марафоны, кітап көрмелері және танымдық кездесулер өткізіліп, оқушылар белсенділік танытуда.
Кітап – адамға білім беріп қана қоймай, ойлануға, ізденуге, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрететін рухани қазына. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қалыптастыру – бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды міндеттердің бірі.
«Кітап оқитын ұлт» марафоны аясындағы әрбір оқылған кітап – баланың ой-өрісіне қосылған бір үлес. Оқуға құштар ұрпақ – білімді ұрпақ. Ал білімді ұрпақ – елдің жарқын болашағы.
Кітап оқитын ұлт – рухани бай ұлт, кітап оқитын ұрпақ – елдің ертеңі!
«Оқитын ұлт» жобасы аясында 8 сынып оқушыларымен Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романы бойынша «Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлер» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар шығармадағы үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, отбасылық тәрбие, туған жерге деген сүйіспеншілік, ұлттық тәрбие, имандылық, еңбекқорлық сияқты ұлттық құндылықтармен танысты. Сонымен қатар шығармада кездесетін бата беру, бесікке салу, шілдехана, ат қою, қонақ күту, үлкеннің батасын алу секілді салт-дәстүрлердің мағынасы талқыланды. Оқушылар шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекеттері арқылы ұлттық құндылықтарды құрметтей білуге үйренді.
«Ұшқан ұя» – ұлттық тәрбие мен салт–дәстүрді дәріптейтін тағылымды шығарма. Оқушылар шығарма арқылы халқымыздың рухани мұрасын танып, ұлттық құндылықтарды бағалаудың маңызын түсінді.
Д.Қонаев атындағы орта мектептің
кітапханашылары.