Ақпараттық портал

ҚАУІПСІЗ ӘРІ КӨРІКТІ МЕКЕН ҮШІН

№3 сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Толганбаев Данияр Батырханұлы

№3 сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Толганбаев Данияр Батырханұлының тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, елді мекендердің тазалығын сақтауға және жұмыссыз жастарды қолдауға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Кандидат алдағы бес жылда халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған бастамаларға өз өкілеттігі аясында атсалысуды көздейді.

ӨМІРБАЯНЫ МЕН ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Данияр Батырханович 1974 жылғы 20 тамызда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Новотроицк ауылдық округіне қарасты ауылда дүниеге келген. Қазіргі уақытта Шу қаласында тұрады. 1998 жылы Алматы қаласындағы КУПС техникумын, 2008 жылы КУПС университетін бітірген.

2015 жылдан бері Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің «Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әлеуметтік қызметтерді бағалау жөніндегі әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істейді. Үйленген, бір баласы бар.

Кандидат туған өлкенің дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын басты құндылықтардың бірі деп санайды. Оның бағдарламасында күнделікті тұрмысқа тікелей әсер ететін мәселелерге басымдық берілген.

ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР МӘСЕЛЕСІ: БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ

Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі — қала мен ауыл тұрғындарын алаңдатқан қаңғыбас иттер мәселесі. Кандидат бұл ретте балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударып, тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізуді жоспарлайды.

Қаңғыбас жануарларға қатысты шаралардың заң аясында жүзеге асырылуын депутаттық өкілеттігі шегінде бақылауда ұстау көзделген. Мәселені шешуде жауапты мекемелердің өзара іс-қимылына және тұрғындардың қауіпсіздігіне бағытталған жұмыстың жүйелі жүргізілуіне көңіл бөлінеді.

ТАЗА КӨШЕДЕН — КӨРІКТІ МЕКЕНГЕ

Көшелердің тазалығын сақтау, қоқысты уақытылы шығару және арық жүйелерін ретке келтіру — бағдарламаның келесі бағыты. Кандидат бұл мәселелерді тұрғындардың күнделікті өміріне қолайлы жағдай жасаудың маңызды бөлігі ретінде қарастырады.

Арықтардың жағдайына назар аудару, қалдықтардың жиналып қалуына жол бермеу және тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізу мәселелері жауапты мекемелермен бірлесіп қарастырылмақ. Сонымен қатар аумақтарды абаттандыруға, көгалдандыруға және жасыл желектерді көбейтуге атсалысу жоспарланған.

Кандидаттың ұстанымынша, таза әрі көрікті орта қалыптастыру жүйелі жұмысты қажет етеді. Сондықтан абаттандыруға қатысты тұрғындар көтерген ұсыныстарды ескеруге мән беріледі.

ЖАСТАРҒА ЖҰМЫС, КӘСІПКЕ ҚОЛДАУ

Жұмыссыз жүрген жастарды қолдау да негізгі басымдықтар қатарында. Данияр Толганбаев жастарды еңбекке баулу, кәсіптік бағдар беру және тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасау бағытында тиісті органдармен бірлесе жұмыс істеуді көздейді.

Өз кәсібін бастағысы келетін жастарға жағдай жасау мәселелеріне де көңіл бөлінеді. Бұл бағыттағы мақсат — жастардың еңбекке араласуына, қабілеті мен кәсіби мүмкіндіктерін пайдалануына қолдау көрсету.

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ — НАЗАРДА

Данияр Толганбаев әрбір тұрғынның өтініші мен ұсынысына құлақ асып, халық пен билік арасындағы сенімді байланысты нығайтуды мақсат етеді. Сайлаушылар көтерген мәселелерді тиісті органдарға жеткізу және олардың шешілуіне ықпал ету депутаттық жұмыстың маңызды бөлігі ретінде белгіленген.

Кандидат депутат болып сайланған жағдайда, тұрғындардың мүддесін қорғауға, өзекті мәселелер бойынша депутаттық мүмкіндіктерін пайдалануға және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға күш салмақ. Оның негізгі ұстанымы — халықпен бірлесіп жұмыс істеп, туған өлкенің дамуына нақты іспен үлес қосу.

 

Дайындаған : “Шу аудандық баспасы” ЖШС

Тапсырыс беруші: Толганбаев Данияр Батырханұлы

Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.