Ақпараттық портал

БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ – БОЛАШАҚ НЕГІЗІ

№3 сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Раимбаева Улдана Серікбайқызы

№3 сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Раимбаева Улдана Серікбайқызы білім беру жағдайын жақсартуға, балалардың жан-жақты дамуына және жас мамандарды қолдауға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Кандидат алдағы бес жылда тұрғындардың өмір сапасын арттыруға арналған бастамаларға атсалысуды көздейді.

ӨМІРБАЯНЫ МЕН ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Улдана Серикбаевна 1994 жылғы 28 ақпанда Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген. 2017 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2013–2015 жылдары Шу ауданы білім бөлімінің С. Сейфуллин атындағы орта мектебінде хатшы болып бастаған. 2015–2016 жылдары №10 Шу колледжінде әлеуметтік педагог, 2017–2018 жылдары Техникалық шығармашылық орталығында педагог-психолог болып жұмыс істеген.

2018 жылдан бері Әл-Фараби атындағы орта мектепте педагог-психолог қызметін атқарып келеді. Тұрмыста, төрт баласы бар. Оның кәсіби қызметі білім беру, бала тәрбиесі және психологиялық қолдау салаларымен байланысты.

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ҚОЛДАУ

Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі — округ аумағындағы мектептер мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға ықпал ету. Кандидат білім беру ұйымдарындағы ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуін депутаттық өкілеттігі аясында бақылауға алуды жоспарлайды.

Балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау оқу-тәрбие жұмысының маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Осыған байланысты мектептер мен балабақшалардың қажеттіліктерін ескеріп, тиісті мәселелерді көтеруге назар аударылады.

БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ТИІМДІ ДЕМАЛЫС

Улдана Раимбаева балалардың сапалы білім алуымен қатар, бос уақытын мазмұнды өткізуіне жағдай жасауға басымдық береді. Бағдарламада спорт секциялары мен түрлі үйірмелердің қолжетімділігін арттыруға атсалысу көзделген.

Бұл бағыт балалардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға, шығармашылық ізденісін қолдауға және спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасауға арналған. Мектептен тыс уақытты тиімді ұйымдастыру өскелең ұрпақтың жан-жақты қалыптасуына ықпал етеді.

ЖАС МАМАНДАРҒА ҚОЛДАУ

Округтегі жас мамандардың әлеуметтік мәселелерін жергілікті атқарушы органдар алдында көтеру де бағдарламаның міндеттерінің бірі. Кандидат олардың қажеттіліктеріне назар аударып, қолдау көрсету мәселелерінің қарастырылуына ықпал етуді мақсат етеді.

Жас мамандардың кәсіби жолын жалғастыруына қолайлы жағдай жасау өңірдің дамуы үшін маңызды. Сондықтан бұл бағыттағы мәселелерді тиісті органдармен бірлесіп қарастыруға көңіл бөлінеді.

ОТАНСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ

Бағдарламада жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға мән берілген. Осы мақсатта тәрбиелік қоғамдық іс-шаралар мен кездесулерді ұдайы ұйымдастыруға ықпал ету жоспарланған.

Кандидат мұндай кездесулер жастардың туған жерге құрметін арттыруға, қоғамдық өмірге қызығушылығын оятуға және жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталуы тиіс деп санайды.

САЙЛАУШЫМЕН ТҰРАҚТЫ БАЙЛАНЫС

Улдана Раимбаева сайлаушылармен байланыс орнатып, тұрғындардың өтініштері мен арыз-шағымдарын назарда ұстауды көздейді. Депутат болып сайланған жағдайда, көтерілген мәселелердің шешілуіне өз өкілеттігі шегінде күш салуды жоспарлайды.

Оның басты ұстанымы — тұрғындардың пікірін тыңдау, өзекті мәселелерді тиісті органдарға жеткізу және халықпен бірлесіп жұмыс істеу. Кандидат білімі мен кәсіби тәжірибесін өңірдің дамуына, балалардың болашағына және ел игілігіне жұмсауды мақсат етеді.

 

Дайындаған:  “Шу аудандық баспасы” ЖШС

Тапсырыс беруші: Раимбаева Улдана Серікбайқызы

Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.