ТҰРАҚТЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ҚАУІПСІЗ ӨМІР
«Әділет» партиясынан №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Кокпанбаев Талғат Натанұлы
«Әділет» партиясынан №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Кокпанбаев Талғат Натанұлы 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Бағдарлама коммуналдық желілерді жаңартуға, қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге, жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
ӨМІРБАЯНЫ МЕН ЕҢБЕК ЖОЛЫ
Талғат Натанұлы 1968 жылғы 20 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Өнеркәсіпті жоспарлау» мамандығы бойынша бітіріп, экономист біліктілігін алған.
Еңбек жолын 1991 жылы Шу аудандық автокөлік кәсіпорнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер болып бастаған. 2000 жылдан бері «Ақ жол-2000» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарады.
Кандидаттың ұстанымы — әрбір елді мекеннің қажеттілігін ескеріп, тұрғындарға лайықты өмір сүру жағдайын жасауға ықпал ету. Бағдарламасы «Әділет» партиясының құндылықтары мен басымдықтарына негізделген.
АУЫЗСУ МЕН ЖАРЫҚ — ТҰРМЫС ТІРЕГІ
Шу қаласына таза ауызсудың тұрақты берілуін бақылауда ұстау және тозған инженерлік желілерді жөндеуге ықпал ету негізгі міндеттер қатарында. Ауылдық елді мекендерді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге, көше жарығының аясын кеңейтуге де көңіл бөлінеді.
ҚАУІПСІЗ КӨШЕ МЕН ӨТКЕЛ
Қоғамдық қауіпсіздік бағытында жарықтандыруы жеткіліксіз көшелер мен қауіпті өткелдер мәселесін көтеру жоспарланған. Тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау — осы жұмыстың негізгі мақсаты.
АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫСТАН — ТҰРАҚТЫ ТАБЫСҚА
Кандидат жұмыс іздеушілердің бос орындар туралы ақпарат алуына, кәсіби даярлау мен қайта оқыту мүмкін
Дайындаған: “Шу аудандық баспасы” ЖШС
Тапсырыс беруші: Кокпанбаев Талғат Натанұлы
Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.