Ақпараттық портал

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ

«Әділет» партиясынан №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қайшыбек Бауыржан Бақбергенұлы

0

Әділет» партиясынан №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қайшыбек Бауыржан Бақбергенұлы 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада ауыл инфрақұрылымын дамыту, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын қолдау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және елді мекендерді абаттандыру мәселелері қамтылған.

Өмірбаяны және еңбек жолы

Қайшыбек Бауыржан Бақбергенұлы Шу ауданының Көктөбе ауылында дүниеге келіп, Шу қаласында өскен. Мамандығы – мемлекеттік және жергілікті басқару.

Еңбек жолын 2018 жылы Қараөткел ауылдық округі әкімі аппаратында іс жүргізуші болып бастаған. 2019 жылы Көкшетау қаласы әкімі аппаратында жалдамалы маман қызметін атқарған.

2020–2023 жылдары Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Халықты жұмыспен қамту орталығында маман болып еңбек еткен.

2023–2026 жылдары «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің Шу ауданы бойынша мансап орталығы филиалында кәсіпкерлікті қолдау және кәсіптік оқыту бағытында маман болған. 2026 жылдан бастап аталған филиалдың оқыту секторының басшысы қызметін атқарып келеді.

Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары

Бауыржан Қайшыбектің бағдарламасында Қорағаты және Дулат ауылдық округтерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты он бағыт белгіленген.

Жол және коммуналдық инфрақұрылым

Кандидат ауылішілік жолдардың сапасын жақсартуға, республикалық жолға шығатын бағыттардағы қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға ықпал етуді көздейді. Ауызсудың үздіксіз берілуі, тозған су және электр желілерін жаңарту, көшелерді жарықтандыру мәселелері қамтылған. Бөлтірік ауылындағы газ тарату құбыры құрылысының жобасын қаржыландыру мәселесін көтеру жоспарланған.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы

Ауыл тұрғындарының жеңілдетілген несие мен мемлекеттік гранттарға қолжетімділігін арттыру, шағын кәсіпкерлік пен кооперацияны дамыту ұсынылған. Жайылымдар мен суаттарды пайдалану, ветеринариялық қызмет сапасын жақсарту және шаруашылықтарға мемлекеттік қолдау көрсету мәселелеріне назар аударылған.

Жұмыспен қамту және халық табысы

Қорағаты мен Дулат ауылдық округтерінде тұрақты жұмыс орындарын ашуға, тұрғындарды кәсіптік оқыту мен қайта даярлауға ықпал ету көзделген. Жергілікті өнімді өңдейтін шағын өндірістер мен отбасылық кәсіптерді қолдау да бағдарламаға енгізілген.

Медицина, білім және әлеуметтік қорғау

Ауылдық медициналық пункттерді жабдықтау, мамандармен қамтамасыз ету және профилактикалық тексерулер ұйымдастыру мәселелері қарастырылған. Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру ғимараттарының қауіпсіздігін арттыру, аз қамтылған отбасыларға, қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін жақсарту ұсынылған.

Цифрландыру және абаттандыру

Интернет қызметтерінің қолжетімділігін арттыру, ауыл көшелерін көгалдандыру, санитарлық тазалықты сақтау, қалдықтарды шығару жүйесін жетілдіру және қоғамдық орындарды абаттандыру міндеттері белгіленген.

Халықпен ашық байланыс

Кандидат тұрғындардың ұсыныстарын ауданның даму жоспарлары мен бюджеттік шешімдерінде ескеруге ықпал етуді көздейді. Сондай-ақ көтерілген мәселелердің қаралу барысын бақылап, атқарылған жұмыстар туралы халыққа ашық есеп беруді жоспарлаған.

Бауыржан Қайшыбектің сайлауалды бағдарламасында әр ауылдың қажеттілігін ескеру, еңбек адамын қолдау және тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларға атсалысу негізгі міндеттер ретінде көрсетілген.

 

Дайындаған:  “Шу аудандық баспасы” ЖШС

Тапсырыс беруші: Қайшыбек Бауыржан Бақбергенұлы

Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.