Ақпараттық портал

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ПЕН ТҰРҒЫНДАР МҮДДЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

№5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Майдан Нурсултан Серікұлы

0

№5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Майдан Нурсултан Серікұлы қоғамдық тәртіпті сақтау, елді мекендердің тазалығын қамтамасыз ету, жастардың белсенділігін арттыру және тұрғындармен ашық байланыс орнатуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада алдағы бес жылда округ тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге ықпал ету міндеттері қамтылған.

Өмірбаяны және еңбек жолы

Майдан Нурсултан Серікұлы 1995 жылғы 13 желтоқсанда Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылдық округінің Төле би ауылында дүниеге келген.

2017 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2018 жылы Шу ауданы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімінде бастаған. Бұл саладағы қызметі спорт және дене шынықтыру бағытындағы жұмыс тәжірибесінің қалыптасуына негіз болған.

2025 жылдан бастап Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде статист қызметін атқарып келеді.

Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары

Нұрсұлтан Майданның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында қоғамдық қауіпсіздік, санитарлық тазалық, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және халықпен тұрақты байланыс орнату мәселелері негізгі бағыттар ретінде белгіленген.

Қоғамдық тәртіп және тұрғындар қауіпсіздігі

Кандидат округ аумағындағы қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді тиісті мекемелер алдында көтеру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарға атсалысуды көздейді. Бұл мәселелер бойынша жауапты органдармен бірлескен жұмыс жүргізу жоспарланған.

Санитарлық тазалық және қоршаған ортаны күтіп ұстау

Бағдарламада көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару мәселелерін реттеу көзделген. Кандидат елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдап, жауапты мекемелермен өзара байланыс орнатуды ұсынады.

Жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру

Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларды қоғамдық жұмыстарға және пайдалы бастамаларға тарту бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылған. Кандидат өскелең ұрпақтың қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік беретін іс-шараларды қолдауды жоспарлап отыр.

Халық пен билік арасындағы байланысты нығайту

Бағдарламада тұрғындардың өтініштері, арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жүйелі түрде қарау мәселесіне назар аударылған. Кандидат халықтың талап-тілектерін тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіп, көтерілген мәселелердің заң аясында шешілуіне ықпал етуді көздейді.

Халықпен ашық байланыс – негізгі ұстаным

Нұрсұлтан Майданның сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың пікірін ескеру, елді мекендердің тазалығын сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері өзара байланысты міндеттер ретінде қарастырылған.

Кандидат депутат болып сайланған жағдайда, алдағы бес жылда округ тұрғындарымен тұрақты байланыс орнатып, олардың өтініштерін жауапты мекемелер алдында көтеруді және өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысуды жоспарлап отыр.

Бағдарламаның негізгі ұстанымы – халықтың мұң-мұқтажын назардан тыс қалдырмай, тұрғындардың заңды мүдделерін қорғауға және округтегі қоғамдық мәселелерді бірлесіп шешуге ықпал ету.

 

Дайындаған:  “Шу аудандық баспасы” ЖШС

Тапсырыс беруші: Майдан Нурсултан

Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.