Ақпараттық портал

Дархан Каленов №2 сайлау округінің сайлаушыларымен кездесті

№2 сайлау округінен кандидат Дархан Каленов Төле би ауылының тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кездесуге аталған округке қарасты елді мекенде тұратын тұрғындар қатысып, кандидаттың алдағы бес жылға арналған жоспарларымен танысты.

Айта кетейік, №2 сайлау округінде 4900-ге жуық сайлаушы бар. Кездесу барысында Дархан Хамрақұлұлы  жергілікті жердің дамуы, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту және халықты толғандырған өзекті мәселелерді шешу бағытындағы басымдықтарға тоқталды.

Кандидаттың айтуынша, халықтың сеніміне ие болған жағдайда, алдағы бес жылда өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуына, тұрғындардың сұраныстары мен ұсыныстарын ескеруге басымдық берілмек.

Сайлауалды бағдарламада ауылдық клубтар мен мәдениет үйлерінің материалдық жағдайын жақсарту, оларды жөндеуден өткізуге ықпал ету мәселелері қамтылған. Сонымен қатар балалар мен жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін түрлі үйірмелердің жұмысын жандандыру көзделген.

Бұқаралық спортты дамыту да назардан тыс қалмаған. Атап айтқанда, аулалар мен спорт алаңдарында жарыстар мен турнирлер ұйымдастырып, тұрғындардың спортпен жүйелі айналысуына жағдай жасауға атсалысу жоспарланған.

Сондай-ақ аға буын өкілдері мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдау білдіру маңызды міндеттердің бірі ретінде белгіленген. Өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, патриоттық тәрбие беру бағытындағы іс-шараларды көбейту де бағдарламаның негізгі бағыттарына енгізілген.

Кездесуде тұрғындармен ашық диалог орнатудың маңыздылығы да атап өтілді. Дәурен Каленов халықтың пікірін тыңдап, елді мекен тұрғындарының мұң-мұқтажы мен ұсыныстарын тиісті билік өкілдеріне жеткізуге, көтерілген мәселелердің оң шешім табуына ықпал етуге ниетті екенін жеткізді.

Кандидаттың сөзінше, туған жерге деген сүйіспеншілік құрғақ уәдемен емес, нақты іспен өлшенуі тиіс. Осы ретте тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, елдің игілігіне бағытталған бастамаларды қолдау алдағы жұмыстың басты ұстанымы болмақ.

Кездесу барысында сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары таныстырылып, ауылдың әлеуметтік дамуына қатысты мәселелерге назар аударылды.

 

Дайындаған:»Шу аудандық баспасы» ЖШС

Тапсырыс беруші: Каленов Дархан

Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді

Жауап қалдыру

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.