ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН!
Елдің ертеңі мен қоғамның дамуы – әрбір азаматтың белсенділігіне, ортақ іске деген жауапкершілігіне тікелей байланысты. Ал халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, ұсыныс-пікіріне құлақ асу – елмен етене жұмыс істеудің маңызды негізі.
№2 сайлау округі бойынша үгіт-насихат жұмыстары аясында Абенов Жасұлан Әлкенұлы Төле би ауылына барып, «Есіктен – есікке» акциясы аясында тұрғындармен жүздесті. Кездесулер №420 М.Әуезов атындағы мектеп пен №421 Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия орналасқан сайлау учаскелерінің аумағында өтті.
Аралау барысында кандидат ауыл тұрғындарымен ашық әңгімелесіп, елді мекеннің тыныс-тіршілігімен танысты. Тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарына назар аударып, ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар алдағы сайлаудың маңызы, азаматтық белсенділік, қоғам өміріне араласу және ел дамуына әр азаматтың қосар үлесі жөнінде ой бөлісті.
Кездесу барысында «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен кандидаттың жеке бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Онда елді мекендердің дамуы, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, әлеуметтік мәселелерге назар аудару және тұрғындардың сұранысына сай бастамаларды жүзеге асыру секілді бағыттар қамтылғаны айтылды.

Әрбір ауылдың өзіндік тыныс-тіршілігі, шешімін күткен мәселелері мен алға қойған мақсаттары бар. Сондықтан тұрғындармен тікелей жүздесіп, олардың пікірін тыңдау – жергілікті жердің жағдайын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Өйткені кез келген игі бастама халықтың нақты қажеттілігінен туындап, елдің ортақ мүддесіне қызмет етуі тиіс.
Абенов Жасұлан Әлкенұлының айтуынша, халықпен байланыс тек сайлау науқаны кезінде ғана емес, әрдайым жалғасуы қажет. Себебі тұрғындардың сеніміне ие болу – үлкен жауапкершілік, ал сол сенімді ақтау жүйелі жұмысты, табандылық пен ел алдындағы адалдықты талап етеді.
Елдің дамуы – бір адамның емес, баршамыздың ортақ міндетіміз. Халықтың пікірі ескеріліп, қоғам мүшелері ортақ мақсат жолында біріккенде ғана нәтижелі істерге жол ашылады.
29 қараша күні өтетін сайлауға қатысып, азаматтық ұстанымыңызды білдіріңіз. Әрбір таңдау – ел болашағына қатысты маңызды шешім!
Дайындаған: «Шу аудандық баспасы» ЖШС
Тапсырыс беруші: Абенов Жасұлан Әлкенұлы
Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.