Ақпараттық портал

ХАЛЫҚПЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІНЕ БАСТАР ЖОЛ

«Әділет» партиясынан Шу аудандық мәслихатының депутаттығына №3 бірмандаттық сайлау округі бойынша кандидат Бекмурзина Аида Рашидовна сайлауалды үгіт жұмыстарын «Есіктен – есікке» акциясы аясында жалғастырып, тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында кандидат тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы мен өзінің алдағы кезеңге арналған негізгі мақсат-міндеттерін таныстырды. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, елді мекеннің өзекті мәселелері мен тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бастамалар жөнінде сөз қозғалды.

«Есіктен – есікке» акциясы – сайлаушылармен тікелей байланыс орнатудың, олардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, қоғамдағы өзекті мәселелерді зерделеудің маңызды алаңы. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ауылдың дамуына қатысты ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды.

Кандидат тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, көтерілген мәселелердің шешу жолдары жөнінде пікір алмасты. Әрбір азаматтың үнін есту, халықтың талап-тілегіне назар аудару және тұрғындармен ашық диалог қалыптастыру сайлауалды жұмыстың маңызды бағыттарының бірі екені атап өтілді.

Мұндай кездесулер елді мекендердің тыныс-тіршілігін тереңірек танып, тұрғындарды толғандырған мәселелерді нақтылауға, олардың шешілу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Халықпен тікелей жүздесу арқылы қоғамның сұранысын түсініп, ел игілігіне бағытталған бастамаларды талқылау маңызды.

Кандидат алдағы уақытта да сайлаушылармен кездесулерді жалғастырып, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндіру және тұрғындардың пікірлерін ескеру бойынша жұмыстар жүргізетінін жеткізді.

 

Дайындаған: «Шу аудандық баспасы» ЖШС

Тапсырыс беруші: Бекмурзина Аида Рашидовна

Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.

Жауап қалдыру

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.