ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ – ҚАЛА БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН БАСТАМАЛАР
Халықтың талап-тілегін тыңдап, тұрғындарды толғандырған мәселелерге назар аудару – ел алдындағы жауапкершіліктің маңызды көрінісі. Қоғамның дамуы мен қаланың өркендеуі ең алдымен тұрғындардың пікірін ескеріп, ортақ мақсат жолында бірлесе әрекет етуден басталады.
№10 сайлау округі бойынша кандидат Инкарбекова Гаухар Меркібекқызы Шу қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, «Есіктен – есікке» акциясы аясында қала көшелерін аралады. Кездесу барысында тұрғындармен ашық пікір алмасып, олардың күнделікті өмірде кездесетін өзекті мәселелері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Жүздесу барысында кандидат «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, алдағы кезеңге арналған басымдықтар мен көзделген міндеттер туралы баяндады. Сонымен қатар өзінің сайлауалды бағдарламасында қамтылған бастамаларға тоқталып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және елді мекеннің әлеуетін арттыру мәселелерінің маңызын атап өтті.

Тұрғындармен әңгіме барысында қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігі, инфрақұрылым, абаттандыру, қоғамдық орта және халықты толғандыратын басқа да мәселелер жөнінде пікір алмасты. Әрбір азаматтың ұсынысы мен көзқарасы елді мекеннің дамуына қатысты ортақ ой қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны сөз болды.
Инкарбекова Гаухар Меркібекқызы мұндай кездесулердің басты мақсаты тек сайлауалды бағдарламаны таныстырумен шектелмейтінін, ең алдымен тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, олардың мұң-мұқтажы мен ұсыныстарын өз аузынан есту екенін жеткізді. Өйткені қаланың дамуына бағытталған кез келген бастама халықтың нақты сұранысына негізделіп, тұрғындардың мүддесіне қызмет етуі тиіс.
Халықпен жүздесу – ел ішіндегі жағдайды жақыннан танып, қоғамның үнін естуге мүмкіндік беретін маңызды алаң. Ал ашық диалог, өзара сенім және ортақ жауапкершілік – нәтижелі жұмыстың берік негізі. Тұрғындардың пікірі ескерілген жерде ғана ел игілігіне бағытталған бастамалардың өміршеңдігі арта түседі.
Қаланың келешегі – ортақ жауапкершілік. Халықпен бірге қабылданған шешім ғана ел мүддесіне қызмет етеді!
29 қараша күні өтетін сайлауға қатысып, өз таңдауыңызды жасаңыз. Азаматтық белсенділік – ортақ болашаққа қосылған үлес!
Дайындаған: «Шу аудандық баспасы» ЖШС
Тапсырыс беруші: Инкарбекова Гаухар Меркібекқызы
Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.