Ақпараттық портал

ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ – ҚАЛА ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН БАСТАМАЛАР

«Әділет» партиясынан Шу аудандық мәслихатының депутаттығына №8 бірмандаттық сайлау округі бойынша кандидат Аблезов Ерлан Нұрланович Шу қаласының тұрғындарымен «Есіктен – есікке» акциясы аясында кездесіп, сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында кандидат қала тұрғындарына «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту және қала инфрақұрылымын жетілдіруге қатысты басым міндеттер жөнінде ақпарат берді.
«Есіктен – есікке» акциясы аясындағы жүздесулер ашық пікір алмасу форматында өрбіді. Қала тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, қоғамдық маңызы бар мәселелер мен қаланың одан әрі дамуына қатысты ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік алды.


Кандидат тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстарына назар аударып, көтерілген мәселелер жөнінде ой бөлісті. Мұндай кездесулер халықтың талап-тілегін тікелей тыңдауға, тұрғындарды толғандырған сұрақтарды зерделеуге және оларды шешудің ықтимал жолдарын талқылауға жол ашады.
Қоғаммен тұрақты байланыс орнату – ел дамуына бағытталған жұмыстардың маңызды бөлігі. Себебі әрбір тұрғынның пікірі мен ұсынысы қаланың болашағын қалыптастыруда елеулі мәнге ие. Ал халықпен ашық диалог жүргізу өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, ортақ шешімдер қабылдауға негіз болады.
Кандидат алдағы уақытта да сайлаушылармен кездесулер өткізіп, сайлауалды бағдарламасында белгіленген басым бағыттарды таныстыру жұмыстарын жалғастыруды көздейді.

 

Дайындаған: «Шу аудандық баспасы» ЖШС
Тапсырыс беруші: Аблезов Ерлан Нұрланұлы
Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.

Жауап қалдыру

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.