Ақпараттық портал

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ЖЫЛДАН БАСТАП НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

2023 жылы 1 қаңтардан бастап жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін,сондай-ақ айыппұл санкцияларын,салықтар мен басқа да төлемдерде қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3450 теңге көлемін құрайтыны туралы хабарлаймыз. Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 2018 жылдан бастап жарты жылға көтеріліп келді. 2027 жылға дейін зейнет жасы кезең-кезеңмен ұлғайып, 63 жасқа дейін жетуге тиіс еді. Осылайша ерлер де, әйелдер де құрметті демалысқа бір жаста шығады деп жоспарланған.Алайда соңғы жылдары зейнет жасын төмендету мәселесі қоғамда жиі қозғалды. Бұрын 58 жасында зейнеткерлікке шығып жүрген ана-апаларымыз зейнет жасын төмендетуді талап етті. Президент халық үніне құлақ асып, әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде белгіленді.
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы 1,5 жасқа дейін төленеді.Бұрын ол тек 1 жасқа дейін берілетін. 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін бір жасқа толмаған барлық бала үшін төлем автоматты түрде жарты жылға ұзартылады. Ал 1 қаңтардан кейін туған балаға бірден 1,5 жылға тағайындалады.
Сондай-ақ жаңа жылдан бастап бұл жәрдемақының мөлшері де ұлғаяды:
-бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 19 872 теңге;
-екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 23 495 теңге;
-үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 27 083 теңге;
-төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 30 705 теңге.
Айта кетері, айлық есептік көрсеткіш жәрдемақы, айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады.
Алима Туртеева,
Шу аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.