Ақпараттық портал

ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Жаңа жылдық шырша мерекесі жақындаған сәттерден бала біткеннің барлығы тү рлі сыйлықтар мен таңғажайып сәттерді тағатсыздана күтетіні анық. Осыған орай, жуырда «Piroz» күрді этномәдени орталығының жетекшісі Гасанова Фатима Мамедқызы аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында болып, балаларға түрлі сыйлықтар тарту етті.
Фатима Мамедқызы орталық ұжымын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Мұнан кейін орталық директоры Ақ марал Салмарбекова осы ортадағы тәрбиеленушілерді таныстырды.
-Әуелі баршаңызды келген Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен қ ұттықтаймын. Мемлекет басшысының салиқалы саясатын жергілікті билік өкілдерінің қолдауының нәтижесінде Қазақстан халқы бір үйдің баласындай, бірлікте күн кешуде. Өз кезегімде аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының директоры Ақмарал Салмарбекова мен оның ұжымына ерен еңбектері үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Олар ауданымызда тұрып жатқан осы санаттағы барлық балаларға мейірімділік пен қамқорлық танытуда. Ал, этномәдени орталық игілікті істерге қолдау көрсетуге әркез дайын,-деді Фатима Мамедқызы ұжымдағы қызметкерлермен әңгімелесу барысында.
Бұл күні балалардың өздеріне деген қамқорлық пен мейіріміділікті сезінгені олардың шаттыққа толы жарқын жүздерінен айқын аңғарылып тұрды.
Адель Искаков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.