Ақпараттық портал

Жыл шежіресі

«Олимпиадалық дипломатия» немесе Президент Қ.Тоқаев Қытай еліне қалай барып қайтты?

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжіңге жұмыс сапарымен барып келді.

***

Аудан әкімі әлеуметтік нысандарды аралады

Өткен аптада ғана ауданымызға әкім болып тағайындалған Сәкен Арубаев аймақтағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, ондағы жұмыстардың барысымен танысты.

***

Еңбек еленеді тер төгілсе…

Күні кеше ғана Иордания астанасы Амман қаласында өткен Азия чемпионатынан үш бірдей жерлесіміз жүлдемен оралған еді. Еліміздің еңсесін биіктеткен абыройлы жеңіс біздің ауданымыздың да мерейін тасытты. Бір қызығы, аудан әкімі Сәкен Арубаевтың қызметке кіріскеніне дәл бір ай уақыт толғанына тарту болғандай.

***

«Арналдың» болашағы зор

Бұған дейін Қытай жерінде қасқая жүріп өз өнерін өрге домалатып, жоғары дәрежелі биші деген атқа лайық болған қаракөзіміз өз Отанында тер төгуге бекініп отыр. Соның жарқын көрінісі, Төле би ауылында «Диас» сауда орталығының екінші қабатында “Арнал” би және домбыра студиясы ашылды. Бұған дейін Шу қаласында бірінші филиалы жұмыс істеп келген өнер студиясының жетекшісі – Қытай Халық Республикасынан келген қандасымыз, белгілі биші Айнұр Мәлік.

***

Өнерін ұлықтады өрелі ұлдың

Біздің тарихы тереңнен тамыр тартатын Шу өңірінде де ауыз толтыра айтар өнер майталмандары бар. Соның бірі, күні кеше ғана туғанына 80 жыл толуына орай еске алу кеші өткен Бетбаев Аяз Бекетайұлы дер едік. Аудандық мәдениет үйінде өткен игі шараға Аяздың алтын қорындағы жыр маржандарын сағынған жанашырлары, тыңдармандары жиналды.

***

Сенатор сала мамандарымен кездесті

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Абдалы Нұралиев жұмыс сапарымен Шу ауданында болып, бірнеше нысанды аралады.

***

Дәстүрлі доп додасы

Биыл байырғы Белбасар ұжымшарының негізін қалаған, Социалистік Еңбек Ері атанған Хати Сауранбаевты еске алуға арналған футбол турнирі 36-шы мәрте жалауын көтерген болатын. Оған жиырмаға жуық команда қатысып, ұйымдастыру алқасы тағайындаған жүлделерді сарапқа салды.

***

Жерлесіміз жуалыдан жеңіспен оралды

Қолына қармақ ұстағанда ғана құмары тарқайтын жерлесіміздің бірі – Нұржан Қасқабай. Оның есімі шулық балыққұмарлар арасында кеңінен танымал болса, енді Нұржанның ныспысы облыс көлемінде де белгілі болып отыр. Олай дейтініміз, жерлесіміз Жуалы ауданында өткен облыстық «Балық FEST» байқауында бақ сынап, мерейі үстем болды.

***

Студенттер үйі ашылды

Шу қаласында Студенттер үйі ашылып, салтанатты түрде пайдалануға берілді. Аталған шараға аудан әкімі Сәкен Арубаев арнайы қатысып, ауданымыздағы орта білім беру ошақтарының оқытушылары мен студенттерін көптен күткен қуаныштарымен құттықтады.

***

Ел үшін туған ер

Аудандық мәдениет үйінде Кеңестер Одағы атты «ортақ Отанды» қорғау ісінде ерен ерлік танытып, басын қатерге тіккен, өршіл рухты көрсеткен, Днепрден өту кезінде Лоеводағы биікке алдымен көтеріліп, ту тіккен Кеңес Одағының батыры, «Ленин» ордені мен “Алтын Жұлдыз” медалінің иегері, даңқты батыр Сәду Шәкіровтің туғанына 100 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.

***

Ауданда алғашқы жекеменшік мектеп ашылды

Ауданымыз үшін осы аптаның сәрсенбісі шынымен сәтті болды. Таң атқаннан кеш батқанға дейін тағылымды шаралар өтіп, бірнеше білім ошақтары ашылған болатын. Солардың бірі әрі бірегейіне балауға болатын «IQ Urker School» атты алғашқы жекеменшік мектеп.

***

Көшпенділер ойынында көш бастаған

Бүгінде ат баптап, көкпар тартатын иісі қазақтар арасында Ынтымақ Әліпбаевтың есімі ерекше құрметке ие. Бір чемпионатта 30 салым салып, былтырғы наурыз айында ұлттық сыйлықты қанжығасына байлаған жерлесіміз 1990 жылы Шу ауданында дүниеге келген. Ынтымақ Маймұратұлы – атыраулық «Нарын» көкпар командасының, сондай-ақ көкпардан ұлттық құрама командасының белді ойыншысы. Ол ұлттық құрама сапында Түркияда өткен көшпенділер ойынына қатысып, жеңісті жақындатуға атсалысқан.

***

Футбол алаңы пайдалануға берілді

Аудан орталығынан шалғайда ораналасқан Ақсу ауылдық округінде футбол алаңы пайдалануға беріліп, футболдан Әшімқұл Тілеужанов атындағы дәстүрлі турнир өтті. Оған аудан әкімі, ауыл тұрғындары және ауданымыздың спортшылары қатысты.

***

Облыс әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Шу ауданына жұмыс сапары «Тасөткел» су қоймасының сейсмикалық тұрақтылығын нығайту жұмыстарымен танысудан басталды.

***

Елорданың төрінде ел еркесі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония-сының концерт залында күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақ ұлттық өнер университетінің Құрметті профессоры Әбдімомын Желдібаевтың 85 жас мерейтойына арналған «Күмбірле, күйім, елімде» концерті өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.