Ақпараттық портал

Жасырын қауіп немесе улануды болдырмау жолы

Бәріміз үшін жаз мезгілі жарқын сәттерге толы болғанымен қауіпті кездері де аз емес. Атап айтқанда тамақты дұрыс сақтамау, гигеналық тазалықты ұстанбау салдарынан уланып қалуымыз әбден мүмкін. Бұл ретте ауру көзі болған бактериялар біз ойламаған жерлерден кездесетінін ұмытпаған жөн. Сондықтан өзімізді және жақындарымызды уланудан қалай қорғайтынымыз бізді алаңдатуы тиіс.
Ең алдымен қарапайым тазалық ережесін сақтаудан бастауымыз керек. Соның ішінде тамақтануға кіріспес бұрын қолымызды толықтай салалап,сабынмен жуған жөн. Сол сияқты көзіміздің жауын алып, тәбетімізді ашатын жеміс-жидектерді де мұқият жуып барып жеу қажет. Тіпті сабынды сумен жуып, ыстық сумен ысқылап алған артықтық етпейді. Сонымен жеміс-жидектерді таза пышақпен кескен дұрыс болады. Себебі микробы бар пышақ жемістің ылғалды жеріне енсе зиянды заттар асқазанымызға тікелей түсіп, улануға себеп болмақ. Аңсарымыз ауған жемістерді де асықпай тазалап, ылғалды шүберекпен жақсылап сүрткен жақсы. Мұны оқырман қауым жақсы ескереді деп сенеміз.
Бұзылған жемістерді жемеу керектігін айтпағанда сіздің ас үйдегі қолжуғышыңыз қалың микробтың ордасы екенін естеріңізге саламыз. Сол үшін ас үйдегі осы бұрышқа мейлінше көңіл бөлу керек. Ал ылғалы сүлгі мен тамшылар бактериялардың коректену көзі. Сол себепті сүлгіні жиі ауыстырып, қолжуғышты пайдаланғаннан кейін жай сумен емес, арнайы құралдармен өңденіз. Улануға алып келетін тағы бір себеп тамақтардың тоңазытқышта ұзақ уақыт сақталуы екенін еске саламыз. Ереже бойынша дайындалып жылытылған ас 2 тәуліктен артық сақталмауы қажет. Көбінде осы қарапайым дүниені ескермегендіктен адам улану себептерін білмей отырады. Одан бөлек ас әзірлеуге кірісер алдында қолды жақсылап жуып, сақинаңыз болса шешіп қою керек. Өйткені сақина асты да микроб ұялайтын жер болып табылады. Бұдан басқа зиянкестер шоғырланатын орын жетерлік. Олар ет турайтын тақтайша, ыдыс-аяқ, тағы да басқа жабдықтар. Сондықтан олардың жағдайына қарай пайдаланған абзал.
Азық-түлік біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Көбіне уланудың себептері оны дұрыс сақтамағандықтан болып жатады. Сол үшін азық-түлікті сатып алған соң сақталатынын тоңазытқышқа салып, қалғанын жақсылап жуып, таза жерге жинастырып қою керек. Тағамдарды тоңазытқышта сақтау микробтардың өсуін тежейді. Мұздатқыштағы температура 18 градустан жоғары болмауы керек. Одан бөлек жарамдылық мерзіміне назар салған артықтық етпейді.
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын қарастырған жөн. Сондықтан көпшілікке арналған дайын тамақтардан жемеген дұрыс. Әсіресе, күрке тауық пен тауық еті кез-келген тамаққа қарағанда жиірек улануға ұшыратады. Басты қателік –мұзды дұрыс ерітпеуден болады. Дайындық уақытында қысқартпау қажет. Себебі тауық етінен көптеген аурулар, соның ішінде сальмонелла туындайды, Ол тек 40 минутта жоғары температурада ғана жойылады. Қаншалықты көп қайнатсаңыз соншалықты қауіпсіз болмақ. Сондықтан осы ережелерді басшылыққа ала отырып, сіз уланудан аман боласыз.
А.Калисаева,
Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.