Қант диабеті және оның алғашқы белгілері
Қант диабеті — қазіргі қоғамда кең тараған созылмалы аурулардың бірі. Бұл дерт ағзада инсулин гормонының жеткіліксіз бөлінуінен немесе оның әсеріне жасушалардың төзімсіздігінен туындайды. Соның салдарынан қандағы қант (глюкоза) мөлшері артады. Егер бұл жағдай ұзақ уақыт бақыланбаса, жүрек, бүйрек, көз және жүйке жүйесіне ауыр зақым келтіруі мүмкін.
Қант диабетінің түрлері:
1.1-типті қант диабеті – көбіне балалар мен жасөспірімдерде кездеседі. Бұл жағдайда ұйқы безі инсулинді мүлде шығармайды немесе өте аз мөлшерде бөледі.
2.2-типті қант диабеті – ересек адамдарда жиі байқалады. Мұнда ағза инсулинді шығарады, бірақ жасушалар оны қабылдамайды. Артық салмақ, дұрыс тамақтанбау және қозғалыстың аз болуы – осы түрдің негізгі себептері болып саналады.
Қант диабетінің алғашқы белгілері:
-Аурудың бастапқы кезеңінде келесі белгілер байқалуы мүмкін:
-жиі шөлдеу және ауыздың құрғауы;
-зәр шығарудың жиілеуі;
-тез шаршау, әлсіздік сезімі;
-күш-қуаттың азаюы;
-артық тершеңдік;
-тәбеттің өзгеруі және салмақтың тұрақсыздығы;
-жаралардың баяу жазылуы, көрудің бұзылуы.
Бұл белгілер байқалған жағдайда дәрігерге дер кезінде қаралу өте маңызды. Ерте диагностика мен дұрыс емдеу асқынулардың алдын алады және өмір сапасын жақсартады.
М.Динбаева,
Шу аудандық орталық аурухананың эндокринолог дәрігері.