марапат
Шу аудандық мәслихаты төрағасының 2023 жылғы 22 тамыздағы №30НҚ өкімімен ауданның білім беру саласын жетілдірудегі, оның ішінде өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі жемісті еңбектері үшін және мұғалімдердің Тамыз кеңесіне орай, Шу ауданының Құрмет грамотасымен марапатталды:
Кенжебекова Айгул Даутбековна – №40 мектеп-лицейдің химия-биология пәнінің мұғалімі;
Сманова Айша Копесбаевна – М.Әуезов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;
Нуртаева Гулмира Джупарбаевна – С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
Жолдыбекова Гулбану Мухтаровна – Д.Қонаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
Жанысбекова Гульжазира Жанысбекқызы – Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
***
Шу аудандық мәслихаты төрағасының 2023 жылғы 22 тамыздағы №29НҚ өкімімен Отан алдындағы азаматтық борышын адал және абыроймен атқарғаны үшін және Семей ядролық полигонының жабылған күніне орай, Шу ауданының Құрмет грамотасымен марапатталды:
Керимкулов Курманғали Елтаевич – Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі;
Аскеров Елгар Шахиевич – уақытша жұмыссыз.