Информационный портал

Абайлаңыз, кенелер!

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) — бұл ауру вируспен індеттелген кене арқылы жұғады.
Көбінесе адам вируспен індеттелген кене шағып алған кезде, вирус денеге тері арқылы енген кезде жұқтырады. Адам кенелерді езген кезінде жанасу жолымен жұқтыруы мүмкін, бұл кезде вирус теріге микро кесектер мен жаралар арқылы енеді. Сондай-ақ КҚГҚ-мен ауырған науқастан жұғуы мүмкін.
Ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын адамдарда – жануарларды күту, шөп дайындау, мал союда сырқаттанушылық жоғары.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) –дене қызуының жоғарылауымен, бас ауруымен, буындардың, белдің, іш ауыруымен, тоқтаусыз қан ағумен сипатталады.
КҚГҚ-ның алдын алу шараларында төмендегі екі бағытты білу қажет:
1. Вирустың кенеден адамға берілу қаупін азайту үшін қорғаныс киімін киіңіз (ұзын жеңдер, ұзын шалбар), киімдегі кенелерді оңай анықтауға мүмкіндік беретін ашық түсті киім киіңіз, табиғи жағдайда болсаңыз, репелленттерді қолданыңыз (жәндіктерге қарсы аэрозольдер) кенелерді анықтау үшін киім мен денеңізді үнемі тексеріп отырыңыз.
2. Вирустың жануарлардан адамға берілу қаупін азайту, бұл жануарлармен жұмыс істегенде, соның ішінде сою, осу кезінде, жайылым мен қырқу алдында қолғап пен басқа да қорғаныс киімдерін кию, мал мен малға арналған үй-жайларды кенеге қарсы препараттармен өңдеу қажет.
Егер, жабысып тұрған кене табылса, оны мүмкіндігінше тез алып тастау керек. Оны пинцетпен теріңізге мүмкіндігінше жақын ұстаңыз. Пинцетпен қатты қыспаңыз (кенені езбес үшін), баяу және ақырын тартыңыз (тербелместен, серпілмей). Шығару орнын спиртпен сүртіңіз. Алынған кенені контейнерге салыңыз да, герметикалық қақпақпен жабыңыз және емдеу-профилактикалық мекемеге хабарласыңыз. Кенелерден қорғау ережелерін сақтау және медициналық көмекке жүгіну — сізді аурудан қорғайды және өмірді сақтайды!
Б.Шиналиев,
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.