Өрт қауіпсіздігі айлығы жүргізілетін болады
Ағымдағы жылдың 22 қаңтары мен 22 ақпаны аралығында аудан аумағында үй секторларында, автокөлік құралдарында және көпқабатты тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланады және оның барысында тұрғын үй секторларындағы өртке, улы газға улану оқиғаларына жол бермеу мен оның алдын алу іс-шаралары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын қатыстыра отырып, тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта ТЖ бөлімі қызметкерлерімен тұрғындарды өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша оқыту және өрттің алдын алу жұмысы жүргізілуде. Бұл жұмыс баспа беттерінде мақалалар жариялау, жергілікті дауыс зорайтқыш құралдары арқылы хабарламалар беру, тұрғын үй аулаларында, көшелерде, елді мекендерде, әлеуметтік қамсыздандыру объектілерінде, көлік және байланыс кәсіпорындарында, емдеу және білім беру мекемелерінде конференциялар өткізу, нұсқаулықтар, кеңестер беру және тақырыптық лекциялар оқу, сондай-ақ қала және аудандық өрт сөндіру бөлімдерінде лекциялар оқу, білім беру мекемелерінде интерактивті сабақтар жүргізу, конкурстар мен викториналар өткізу және ашық есік күнін ұйымдастыру арқылы іске асырылатын болады.
Өрттің алдын алу және жол бермеу жұмысын жүргізу кезінде тұрғындар арасында жүргізілетін үгіт-насихат іс-шараларын жоспарлы, біркелкі және жүйелі түрде тереңдету арқылы және де балабақша мен мектеп қабырғасынан бастап жүргізуді жандандыру азаматтарымыздың өрт қауіпсіздігіне деген көзқарастарының деңгейін арттыруға және тұрғын үй қорларының өртке қарсы қорғанысын күшейтуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.
Тимур Кариев,
Шу ауданы ТЖБ бастығы.
азаматтық қорғау подполковнигі.