Ақпараттық портал

Құжаттарға апостиль қою

Апостиль – бұл құжатқа қол қойған адамның колының түпнұсқалығын, оның өкілеттігін растайтын, сондай-ақ осы құжатқа қойылған мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куәландыратын арнай мөр.
Құжатқа апостиль қою шетелде жарамды болуға арналған құжаттарды рәсімдеу кезінде белгілі бір заң талаптарын сақтау тәртібі. Азаматтарға іскерлік, білім алу, отбасылық және т.б. себептермен шетелдерге шығу кезінде құжаттарға апостиль қою қажеттілігі туындауы мүмкін.
Қазақстан Республикасы аумағында процедура ҚР Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы 264 бұйрығымен бекітілген консулдық заңдастыру ережелерімен реттеледі.
«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін Республиканың Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті және оның облыстардағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органдары, сондай-ақ “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы көрсетеді. www.egov.kz.
Сондай-ақ, ҚР Жоғарғы Сотының “Сот кабинеті” сервисінің пайдаланушылары апостиль қою үшін құжаттарды осы сервис арқылы жібере алады. “Сот кабинеті” қызметін пайдалану шарттары өте қарапайым. Пайдаланушы тек ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын алып, “Сот кабинетінде”стандартты тіркеу рәсімінен өтуі қажет.
Атап айтқанда, өтініш беруші Пайдаланушы келісіміне қол қойып, логин, пароль және электрондық пошта өрістерін толтырып, сертификатты таңдауы керек. Пайдаланушы логин мен парольді электрондық хабарлама (СМС-хабарлама) арқылы ұялы телефон нөміріне немесе электрондық пошта мекенжайына алады. Сәтті тіркелгеннен кейін пайдаланушыға “Сот кабинеті”сервистері қолжетімді болады.
Құжаттарды тапсырудың электрондық тәсілін пайдалану азаматтар үшін ыңғайлы: – өтініш беруші өзіне ыңғайлы кез келген уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай, интернет арқылы өтініш бере алады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар құжаттар тізбесімен бірге апостиль қоюға өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде бере алады. www.egov.kz
Порталда құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – бір жұмыс күні. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін әрбір апостиль қойылған құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, келесі құжаттар қажет:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш;
2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі);;
3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі) (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
4) көрсетілетін қызметті алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) ауысқанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі) (егер ауысым Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, құжаттың көшірмесі ұсынылмайды).

Ержан Анарбеков,
Шу аудандық сот әкімшісінің
басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.