Ақпараттық портал

Қазақстанда үш әуежайдың құрылысы басталды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда ішкі туризм мен жолаушылар әуе тасымалын дамыту үшін Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай құрылысы басталды. Бұл жобаларды іске асыру аталған өңірлердің экономикасының дамуына серпін береді, сондай-ақ отандық және шетелдік туристердің келуіне ықпал етеді. Сондай-ақ жобалар жергілікті тұрғындар үшін қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар 2024 жылы ірі түйіндік хабтарды дамыту мақсатында әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту аясында үш жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға берілді. Мәселен, Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жолаушылар терминалының өткізу мүмкіндігі ұлғайды.
Мәселен, Алматы қаласы Халықаралық әуежайы жаңа терминалының өткізу мүмкіндігі жылына 2,5 млннан 14 млн жолаушыға дейін ұлғайды. Отандық авиакомпаниялар Air Astana, SCAT, Qazaq Air, Fly Arystan Қазақстанның 19 қаласына тұрақты ұшуды орындайды. Халықаралық әуе қатынасын әлемнің 26 елінде 50 бағыт бойынша 30 шетелдік авиакомпания орындайды.
Шымкент қаласы әуежайының жаңа терминалының өткізу мүмкіндігі жылына 800 мыңнан 6 млн жолаушыға дейін. Жаңа терминал халықаралық әуе бағыттарының санын 10-ға, рейстерді аптасына 24-ке дейін арттырды. Джидда, Медина (КСА), Доха (Катар), Фукуок (Вьетнам) және Пхукетке (Тайланд) әуе қатынасы ашылды.
Қызылорда қаласының «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайының өткізу мүмкіндігі жылына 300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін өсті. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласынан 25 ішкі рейс орындалуда.
«Skyhansa» қазақстандық-германдық компаниясымен «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында қуаты сағатына 500 адамға дейінгі жолаушылар терминалын, сыйымдылығы 550 мың тоннаға дейінгі отын қоймасын, жүктерді 250 мың тоннаға дейін толық өңдейтін жүк терминалын салу, әуе кемелеріне қызмет көрсету авиациялық-техникалық орталық құру бойынша жоба іске асырылуда. Сондай-ақ 300-ден астам тұрақты жұмыс орнын құра отырып, халық үшін туристік және сауда, ойын-сауық қызметтерін дамыту жоспарланған.
Бүгінде Қазақстаннан халықаралық әуе қатынасы 31 елмен (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Беларусь, Әзербайжан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Иран, Оман, Египет, Кувейт, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Тайланд, Моңғолия, Камбоджа, Малайзия, Мальдив аралдары, Шри-Ланка, Түркия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Чехия) аптасына 582 рейс жиілігімен 117 бағыт бойынша орнатылды.
ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.