Ақпараттық портал

Атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер баяндалды

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы атқарған жұмыстары және 2025 жылға жоспарланған жұмыс барысы туралы есебі өтті.
Аталған жиынға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Мейржан Ермекбайұлы Сембеков, Шу ауданы әкімі Бақытжан Оразалыұлы Жәнібеков және аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттары, құқық қорғау және сайлау процесіне қатысты уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы мен бас инспекторлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесі мен жергілікті қауымдастық төрағалары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төраға, орынбасар, хатшылары қатысты.
Шу аудандық мәдениет үйінде өткен кеңейтілген отырыста аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Серікұлы Ошанов 2024 жылы Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясында атқарылған жұмыстар және 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы айтып өтті.
Өткен жылдың наурыз айында Шу аудандық мәслихатының №12, желтоқсан айында №18 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттардың орнына сайлау, қазан айындағы республикалық референдум және жыл басынан бері 4 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы (Төле би, Жаңақоғам, Тасөткел, Далақайнар) бойынша баяндады.
Сондай ақ, 2025 жылы ауылдық округ әкімдерінің өкілеттілік мерзімдерінің аяқталуына байланысты ауыл әкімдерінің кезекті сайлауы бойынша ақпарат берді.
Келесі сөз кезегінде Шу ауданының әкімі Бақытжан Оразалыұлы Жәнібеков жергілікті атқарушы орган мен сайлау комиссияларының өзара іс-қимылы, учаскелердің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар, аудандағы сайлау учаскелері және сайлаушылар тізімін өзектендіру туралы баяндама жасады.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов есептік кездесудің маңыздылығы, облыс көлеміндегі сайлау мәселелері, сайлау жүйесіндегі жаңа реформалар, сайлаудың ашықтығы мен жариялылығы, кандидаттардың сенім білдірген адамдары мен саяси партиялар байқаушыларының құқықтары мен міндеттері, сайлаушылар тізімдерін өзектендіру жұмыстары туралы айтып, жиынды қорытындылады.

(Өз тілшіміз).

Leave A Reply

Your email address will not be published.