Ақпараттық портал

Жоспарлы жұмыс жүйелі жүзеге асты

Шу ауданының қоғамдық кеңесі 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес өткен жылдың 12 айы ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 4 отырыс өткізіп, 10 мәселе қарады.
Атап айтқанда, қоғамдық кеңестің І тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес кеңес отырысында аудан әкімі Б.Жәнібековтің «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023 жылғы қорытындылары туралы» және Шу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Р.Альжанованың «2023 жылы бөліммен көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша атқарған жұмыстары туралы» есептері тыңдалды. Мәселелерді қарау және талқылау барысында кеңес мүшелерімен бірқатар ұсыныстар айтылды.

Кеңес қабылдаған ұсынымдар бойынша аудан теңгеріміне қабылданған 45 бірлік ағын су каналдарына кезең-кезеңмен жөндеу жұмыстарының жүргізілуін қолға алу бойынша 2022 жылы 35 каналға бөлінген 156 000,0 млн теңге толығымен игерілді. ЖСҚ «Гермес Ком» ЖШС-мен дайындалып, сараптамадан оң қорытындысы алынды. Оның ішінде 4 канал Шу ауданы, Далақайнар ауылының теңгеріміне беріліп, қалған 31 канал «Қазсушар» мекемесінің теңгеріміне өткізілді.
2023 жылы аудан көлемінде орналасқан 45 каналды қайта жабдықтау мақсатында ЖСҚ сараптама қорытындысымен әзірлеуге облыстық бюджеттен 178 000,0 млн теңгеге бюджеттік өтінім берілді.
Жобалаушы мекеме «Интерайнс» ЖШС-мен 37 каналды қайта жабдықтау мақсатында ЖСҚ әзірлеу үшін 2023 жылғы 17 шілдеде №4-ДСП 178 000,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып, жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы 140 шақырымды құрайтын 7 каналды қайта жабдықтау мақсатында ЖСҚ әзірлеу үшін 10 000,0 мың теңгеге қосымша келісімшарт жасалды.
2024 жылы 45 каналдың сараптамаларының оң қорытындысы алынып, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы М.Бейсеновтің 13.12.2024 жылғы №15-15-01/46756 хаты негізінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне өткізілді.
2024-2030 жылдар аралығында 8 елді мекенде (Ақсу, Далақайнар, Жаңа жол, Белбасар, Алға, Мойынқұм, Ақтөбе, Тасөткел) ауылдық клубтардың жаңа ғимараттарын соғу жоспарлануда. “Жамбыл облысы, Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырыс беруімен Белбасар (сметалық құны–373,650 млн теңге) және Ақтөбе (сметалық құны – 391,148 млн теңге) ауылдары бойынша 2022 жылы ЖСҚ жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткен. Жаңа жол ауылында 100 орындық ауылдық клубтың құрылысына ЖСҚ дайындалды, түзетулер жасалынып, сараптама қорытындысы алынды. Бюджеттік өтінім Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі арқылы берілді. Тиісті қаржы бюджетті нақтылауда қарастырылады.
Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің ІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Jibek Joly» АЭА БК» АҚ басқарма төрағасы К.Мухамбеткалиевтің «Химпарк» арнайы экономикалық аймағында атқарылып жатқан жұмыстар туралы және Шу ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Каликовтың «2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша атқарылған жұмыстар туралы» есептері тыңдалды. Мәселелерді қарау және талқылауда кеңес мүшелерімен бірқатар ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, «Химпарк Тараз» АЭА тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) өндіру көлемін арттыру тетіктерін қарастыру, негізгі және инфрақұрылымдық құрылыстарды (газбен, сумен және т.б.) толыққанды жүргізу, осы құрылыстарға жергілікті жердегі азаматтарды барынша тарту, АЭА қатысушы кәсіпорындар тарапынан әлеуметтік серіктестікті дамыту мақсатында осы аумақта орналасқан елді мекендерге қаржылай және басқа да көмек көрсету жолдарын қарастыру, «Химпарк Тараз» АЭА БК» АҚ-ның жұмыстарының ашықтығын көрсету үшін құрылыс,өнім өндіру бағытындағы жұмыстар туралы халықты барынша хабардар ету үшін БАҚ-да және әлеуметтік желілерде тиісті мақалаларды үнемі жариялап отыру ұсынылды. Сонымен қатар, ауданның қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, жекелеген әкімдік бөлімдерінің басшылары, мекеме басшылары және БАҚ өкілдері «Химпарк-Тараз» АЭА қатысушы кәсіпорындардың атқарып жатқан жұмыстарымен жұмыс орнына барып танысты. Танысу барысында «Jibek joly» АЭА аумағындағы өндірістік («Химплюс» ЖШС, «С9 Тechnologies» ЖШС, «Бірлік-Құрылыс-Жөндеу» ЖШС), инфрақұрылымдық «Chemical Engineering» ЖШС, «JVictor New Energy» ЖШС нысандарын аралады. Аралау барысында акционерлік қоғам төрағасы Қ.Мухамбеткалиев мекемеге өнім өндіру мәселесіне қатысты қолдау керек екенін атап өтті. Осыған байланысты қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қ.Шарлапаевқа және Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевке хат жолданды. Нәтижесі күтілуде.
Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің ІІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес қоғамдық кеңес отырысында «Ауданның елді мекендерін электр қуатымен қамту жұмыстарының жайы туралы» Шу аудандық электр жүйесінің басшысы Д.Рахымқұлов, «Компания А&Т-Энерго» ЖШС-ның атқарып жатқан жұмыстары туралы серіктестік директоры А.Таласбаевтың хабарламалары және Шу қаласының әкімі Е.Нұралиевтің «2023 жылдағы және 2024 жылдың жарты жылдығында әкімдікпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша атқарған жұмыстары туралы» есебі тыңдалды. Мәселелерді қарау және талқылауда кеңес мүшелерімен бірқатар ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, ауданның елді мекендерінде тозығы жеткен электр бағандарын, электр желілерін уақтылы ауыстыру жұмыстарын жүйелі жүргізу, аудан бойынша ескірген трансформаторларды ауыстыру және қоршау жұмыстарын қолға алу, табиғи жағдайларға байланысты (жел, жауын-шашын) жоспарлы өшіру жөнінде тұрғындарды, кәсіпорындар мен мекемелерді алдын ала ескерту жұмыстарын назарда ұстау ұсынылды. Осыған байланысты, орын алған кемшіліктер бойынша қоғамдық кеңес мүшелері мен мәслихат депутаттары тарапынан Қазақстан Республикасының Энергетика министрі А.М.Сәтқалиевке хат жолданды.
Сонымен қатар, «Компания А&Т-энерго» ЖШС-нің директоры А.Таласбаевқа Тасөткел су электр станциясының өндіріп отырған электр қуатын сол аумаққа жақын орналасқан тұрғындарға электр қуатын тарату тетіктерін қарастыру, Тасөткел су қоймасында күн электр станциясының, Жаңа жол ауылында су және күн электр станцияларының құрылысына жергілікті жерден мамандар, жұмысшылар тарту, әлеуметтік әріптестікті дамыту мақсатында осы аумақта орналасқан елді мекендерге әлеуметтік нысандар соғылуына барынша көмек көрсету жұмыстарын қолға алу жөнінде ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданынан шығып, Шу ауданына тіркелу жөнінде қоғамдық кеңес төрағасы және аудандық мәслихат депутаттары атынан сұраныс хат жолданды. «Компания А&Т-энерго» ЖШС-нің басшылығы серіктестіктің атында несие болуына байланысты мекеменің заңды мекенжайын ауыстыра алмайтындығын хабарлады.
Қоғамдық кеңестің IV тоқсанға арналған жұмыс жоспарына сәйкес аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Каликовтың «Ауданның көше және автожолдарының жайы туралы», “StroyGazCompany” ЖШС директорының құрылыс жөніндегі орынбасары Т.Жамантайдың «Шу ауданы «АГТС Шу» құрылысы» және Төле би ауылдық округінің әкімі А.Рахимкуловтың «2023 жылдағы және 2024 жылдың жарты жылдығында Төле би ауылдық округі әкімінің аппаратымен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша атқарған жұмыстары туралы» есептері тыңдалды. Кеңес мүшелерімен бірқатар ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, Шу қаласы мен ауылдық елді мекендердегі көше жолдарын жөндеу жұмыстарының сапалы және тиісті мерзімде аяқталуын күнделікті бақылауда ұстау, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2025 жылға жоспарланған 63 көшенің жөндеу жұмыстары мен жаяу жүргінші жолдарын салу, сонымен қатар кеңес мүшелерінің аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесе отырып, лабораторияға зерделеу жұмыстарын жүргізуі жөнінде ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар, “StroyGazCompany” ЖШС директорының құрылыс жөніндегі орынбасары Т.Жамантайға Шу ауданы, Қонаев ауылындағы «АГТС Шу» құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша орын алған кемшіліктерді жою жөнінде нақты шаралар қабылдау, «АГТС Шу» құрылысын 2025 жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау және «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ-нің тапсырыс беруші ретінде құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауы ұсынылды.
2024 жылы қоғамдық кеңес аудан әкімінің 9 шешімінің, аудан әкімдігінің 1 қаулысының және аудандық мәслихаттың 2 шешімінің жобаларына ұсынымдар берді.

Ерболат Досымбаев,
Шу аудандық қоғамдық кеңес төрағасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.