Ақпараттық портал

Салық төлеушілердің назарына!

Шу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы еске салады:
Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолдана отырып жүргізіледі.
БКМ қолданған кезде тауарға, жұмысқа, қызметке төленген сомаға БКМ чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады (Салық кодексінің 166- бабының 5- тармағы).
Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағында Бақылау-касса машинасының чегі болуы тиіс ақпарат белгіленген.
Сонымен қатар, сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қолма – қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде БКМ қолданбау, кассалық тәртіпті сақтамау, чекті бермеу, чекте міндетті деректемелердің болмауы фактілері анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (ҚР ӘҚБтК 284-бабы).

Leave A Reply

Your email address will not be published.