Әскери оқу орындарына үміткерлер іріктелуде
Оқу жылының аяқталуына да аз уақыт қалды. Қаншама жеткіншек арманына қанат байлап, жаңа өмірге қадам басады. Мектеп бітірушілер үшін нағыз сындарлы сәт енді басталады. Әртүрлі сала маманы атануды көздеген жастарымыз «еліміздің қай жоғары оқу орнын таңдасам екен, қай мамандықты меңгерсем» екен деп толғанып жүр.
Адам өмірінде бүгінгі күннің талабына сай дұрыс мамандық таңдау – өте маңызды. Жасыратыны жоқ, кейбір жастарымыз қаншама күш-жігерін салып оқыған азаматтық мамандықтары бойынша өз орнын тауып жұмысқа орналаса алмай жүреді. Әскери оқу орындарының артықшылығы десек те болады, бітірушілер түгелдей жұмыспен қамтылады. Оқу орнын бітірген соң түлектерге «лейтенант» әскери шені беріледі және келісімшарт бойынша әскери бөлімдерге жіберіледі. Тағы бір айта кететін жайт, үкімет тарапынан қарастырылған әлеуметтік пакет, яғни әскери қызметшіге және оның отбасына жасалатын әлеуметтік қолдау.
Түлектердің арасында әскери мамандық меңгеруге құлықты жастар да бар. Әскери оқу орындарының мақсаты – ел тыныштығын күзетуге дайын, нағыз офицерлерді тәрбиелеу. Осы мақсатта әскери институттардың жастарымызға беретін білімі мен тәртібінің маңызы өте зор.
Қиындығы мен қызығы қатар жүретін әскер өмірі – ел қорғаушы азаматтарымызды ерлік пен батылдыққа шыңдайтын орта. Әскер өмірі қашанда тәртіпті қажет етеді. Бұл – форма киген жандар үшін айнымайтын қағида. Ер азамат қашанда ерлерге тән қажыр-қайраттың, ерік-жігердің, ақыл-парасаттың иесі болғаны жөн.
Қазақстанда әскери білім беретін қанша жоғары оқу орны бар, әскери білім мекемесіне қалай оқуға қабылдануға болады деген сауалдарға жауап беретін болсақ, алдымен Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери институттарға тоқталып өтейік. Бүгінгі таңда қорғаныс саласына қажетті әскери мамандарды оқытатын үш негізгі әскери институт бар. Олар: Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бигельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты.
2017 жылғы Қазақстан Республикасының Үкіметі және шетел мемлекеттерінің әскери оқу орындарына оқуға талапкерлерді іріктеу туралы Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі Департаменті бастығының нұсқауы бойынша Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде азаматтарды жоғарғы әскери оқу орындарына іріктеу жұмыстары бойынша мына оқу орындарына үміткерлер қабылданады:
1. Құрлық әскерлері әскери институты;
2. Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты;
3. Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты;
4. Әскери колледжге.
Құрлық әскерлері әскери институты – жоғары мамандырылған офицерлердің дайындау болып табылады. Құрлық әскерлерінің әскери институты жоғары әскери кәсіпқой білім беру бағдарламасы бойынша офицерлік кадрлар 11 мамандық бойынша дайындайды:
• мотоатқыш әскерлерінің командалық-тактикалық даярлығы;
• әуе десанттық әскерлерінің және әскери барлаудың командалық-техникалық даярлығы;
• танк әскерлерінің командалық-тактикалық даярлығы;
• артиллерияның командалық-тактикалық даярлығы;
• автокөлік әскерлерінің командалық-тактикалық даярлығы;
• азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлығы;
• киім-кешекпен қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлығы;
• жанар-жағармаймен қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлығы;
• бронетанктық қару-жарақ және техника;
• инженерлік әскерлерінің командалық-тактикалық даярлығы;
• әскерлерді ракета-артиллериялық қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлығы;
• әскери аудармасы.
Институт заманауи оқу-материалдық базаиен, техникалық оқу құралдармен қамтамасыз етілген. Институтта физикалық тәрбиеге үлкен көңіл бөлінеді. Физикалық дайындық – әскери оқыту және тәрбиенің маңызды бөлігі. Бұл мақсатта бай материалдық база қарастырылған: арнайы залдар мен әдемі спорттық кешен, (гимнастика, ауыр атлетика, қоянқолтық ұрыс, спорт ойындары, жүзу бассейні және т.б) стадион және басқа да спорттық құрал-жабдықтар. Спорттың әр түрлерінен секциялар жұмыс істейді.
Келесі кезекте Кеңес одағының екі мәрте батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты. Институттың негізгі міндеттері: ҚР ҚК авиациясына квалификациялық мінездеме талаптарына сай офицерлік кадрларды дайындау: білім алушы тұлғалардың жан-жақты және бір қалыпты дамуы, оларда жоғары ой-саналық және әскери кәсіби сапаның орнығуы: әскери теорияны дамытуға, қоғамдық ғылымдардың әскери, қару-жарақ, авиациялық әскери техника мәселелеріне бағытталған ғылыми зерттеулерді орындау; әскерлердің қауіпсіздігі және әлеуметтік –тұрмыстық базаны дамыту және жақсарту.
Институт 8 мамандық бойынша дайындық жүргізеді. Олар: ұшқыш аппаратын пайдалану, фронттық авиацияның командалық тактикасы, ұшқыш аппаратын пайдалану, армия авиациясының командалық тактикасы, штурмандық авиацияның авиацияның тактикасы, авиация күшімен жауынгерлік басқарудың командалық тактикасы, ұшу аппаратының және оталғыштардың техникалық пайдалануы, авиациалық радиоэлектронды құрал-жабдық авиациялық электрофикациялық және ұшқыш көздеуіш радиоэлоктронды құрал-жабдықтың техникалық пайдалануы; авиациялық қару-жарақтану.
Әскери институттың 4 факультеті, 16 кафедрасы бар. Онда инженер ұшқыш, инженер-психолог, жалпы инженер сияқты барлығы 13 мамандық бойынша авиация кадрларын дайындайды. Курсанттарға ғылыми атағы бар оқытушы мамандар, тәжірбиелі ұшқыш, нұсқаушы мен инженерлер дәріс береді. Курсанттар оқу әдістемелік ғимараттың оқу залында білімдерін жетілдірсе, кітапхана мен тренажер орталығы мен барлық жағдай жасалған жатақханада қабілеттерін шыңдайды. Түлектерге жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «лейтенант» офицерлік әскери шен беріледі, төсбелгісі мен белгіленген үлгідегі диплом тапсырлады.
Сонымен қатар, радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік инистуты. ЖОО-ның негізі міндеті – ҚР ҚК әскерлері мен қаруланудың зенитті ракеталық, радиотехникалық әскерлерінің, байланы бөлімдерінің, авиацияны радиотехникалық қамтамасыз етудің, автоматтандырылған басқару жүйелерінің кәсіби офицерлерін дайындау.
Болашақ офицерлерді институтта дайындау жоғарғы әскери кәсіби бағдарламасы бойынша 5 мамандықтар бар:
• радиобайланыс пен көздеу;
• радиобайланыс пен зенитті ракеталық әскерлердің қондырғыларын жөндеу;
• зенитті ракеталық әскерлердің бөлімдері мен бөлімшелерінің радиотехникасы;
• радиотехникалық әскерлердің бөлімдері мен бөлімшелерінің радиотехникасы;
• ҚР ҚК автоматты басқару жұйелерінің инженері.
Бүгінгі таңда мұнда мамандандырылған офицерлер зенитті ракеталық, радиотехникалық әскерлерге, байланыс бөлімдері, авиацианы радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімдеріне, сонымен қоса әскерлер мен қару-жарақпен автоматты басқару жүйелерімен инженерлері мамандығына дайындалады. Институтта оқу мерзімі – 5 жыл. Оқу орнын бітірген соң түлектерге «лейтенант» әскери шені беріледі. Институтта сабақтар өткізу үшін қажетті оқу-материалдық базасы құрылған: тамаша аудиториялар, әдіскерлік-оқу кабинеттер, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған лабораториялар. Институтта өзінің оқу полигоны бар. Курсанттардың физикалық дайындығын күшейту мақсатында институтта әрдайым жоспарланған сабақтар, спорттық жарыстар жүргізіледі, спорттық орталықтар жұмыс істейді. Институтта дайындалған командалар ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштерінің, ҚР қарулы күштерінде өткізілетін спорттық жарыстарға қатысады.
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты келесі мекенжай бойынша орналасқан: Алматы қаласы, О.Жандосов көшесі №53. Тел.: 8(7272) 99-87-97.
А.Абдрашев,
Шу ауданы қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығының МУА,
подполковник.