ҚР Қарулы Күштері үшін әскери-техникалық мамандарды даярлау
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери-техникалық мамандарды даярлау олардың жауынгерлік әзірлігін арттырудың ең маңызды элементі болып табылады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақыру және жұмылдыру ресурстарын дайындау мақсатында оқыту «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» РМҚК филиалдарында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери-техникалық мамандарды даярлаудың негізгі міндеттері:
– әскерге шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқыту;
– әскерге шақырылушыларды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, Қазақстан Республикасын қорғауда азаматтық және әскери борышын орындауға дайын болу;
– шақырылушыларда әскери ұжымға тез бейімделуге мүмкіндік беретін мінез-құлық қасиеттерін қалыптастыру: берілген тапсырманы орындауда жоғары жауапкершілік, тәртіптілік, еңбекқорлық және ұйымшылдық;
– әскерге шақырылушылардың қару-жарақ пен техниканың конструкциясы бойынша қажетті білімдерін, техникалық қызмет көрсетудің, жөндеудің және пайдаланудың берік практикалық дағдыларын алуы олардың мерзімді әскери қызметке шақырылғаннан кейінгі қысқа мерзімде өздерінің штаттық міндеттерін орындауға кірісуге мүмкіндік береді;
– әскерге шақырылушылардың білім беру ұйымдарында алған алғашқы әскери білімдері мен дағдыларын жетілдіру, олардың дене дайындығының деңгейін арттыру.
– курсанттардың алғашқы кәсіптік білім алуы.
Филиалдардағы әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқуға міндетті әскери қызметке кезекті шақыруға жататын және денсаулығы бойынша жарамды әскерге шақырылушылар тартылады.
Оқу жылы әскери-техникалық мамандарды даярлаудың екі кезеңін қамтиды: көктемгі және күзгі мерзімді әскери қызмет. Оқуға қабылданған әскери міндеттілер курсанттар деп аталады. Филиалда оқудан өткен мерзімді әскери қызметшілер тек алған әскери-техникалық мамандық бойынша міндетті әскери қызметке шақырылады.
Әскери-техникалық мамандарды даярлау сапасын тексеру үшін филиалда оқуды аяқтағаннан кейін бітіру емтихандары өткізіледі. Емтихандарды тапсыруға оқудың толық курсын аяқтаған және оқу бағдарламасында көзделген барлық пәндерден оң бағалармен тапсырған курсанттар жіберіледі. Бітіру емтихандарын тапсырған курсанттарға біліктілік беріледі. Тиісті мамандық бойынша филиалды бітіргені туралы белгіленген үлгідегі куәлік және әскери-техникалық оқу орнын бітіргені туралы төсбелгі беріледі.
Жыл сайын Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен жіберілген жасаққа сай әскерге шақырылушылар «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» РМҚК Тараз филиалы арқылы В1, С1 санаттағы жүргізушілер дайындығынан өтіп, жүргізуші куәлігін алып, әрі қарай мерзімді әскери қызметке шақырылады.
Ж.Абиев,
Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы,
подполковник.