Ақпараттық портал

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Қазіргі уақытта «Балық шаруашылығын дамыту мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5-сәуірдегі №208 қаулысымен бекітілген Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылуда. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасының балық ресурстарын сақтау, өсімін молайту және орнықты пайдалану, мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын енгізу, сондай-ақ ғылыми және кадрлық қамтамасыз етуді күшейту жөніндегі шараларды көздеу бөлігіндегі өзгерістер пысықталған болатын. Айта кету керек, бағдарлама іс-шараларының практикалық іске асырылуы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бақылауында.
Осындай бағыттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының Әділет департаментінің (мемлекеттік тіркеу 13.12.2022 жыл) заңнамасына сәйкес құрылған «Балық Fest Shu» қоғамдық бірлестігі мен Алматы қаласындағы «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі басқарма мүшесі-проректордың міндетін атқарушы Марғұлан Ибраимовтың атынан 08.04.2025 жылы №15 сенімхаттың негізінде әрекет ете отырып, «Балык Fest Shu» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Чекаев Жұмахан Төлеуұлы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келген қонақтарды құшақ жая қарсы алған Биология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясы және Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Әліпбеки Оңғарбек ағамыз болды. Кездесу барысында академик Оңғарбек Әліпбекұлы біраз ғылыми бағыттарға және алға қойған мақсаттарымызға көңіл бөліп, қандай тиімді жұмыстар жасау керектігін баса айтты.
Осы Меморандумның мақсаты – ақылды ауыл шаруашылығы бағытында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын (ҒЗЖ) жүргізу, сонымен қатар ҚазҰУ-нің оқытушылар құрамын тарта отырып, «Балык Fest Shu» қоғамдық бірлестігінің базасында кәсіпорын үшін кадрларды бірлесіп даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыру болып табылады.
Негізгі бағыттары кадрларды даярлауға арналған ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларын және ынтымақтастық туралы бағдарламаларды дамыту және жетілдіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері және мамандарды даярлау туралы ақпарат пен материалдар алмасуға жәрдемдесу, студенттерді, магистранттарды, PhD докторанттарын және мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша семинарлар, шеберлік сыныптарын, тренингтер ұйымдастыру, сондай-ақ студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың «Балык Fest Shu» қоғамдық бірлестігінің базасы мен құрылымдық бөлімшелерінде ақылды ауыл шаруашылығы үшін әртүрлі форматтағы деректерді интеллектуалды өңдеу саласында тәжірибе мен тағылымдамадан өтуіне ықпал ету бағытында екі жақты жұмыс жасау болып отыр.

Аяжан Жұмахан,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ІІ-курс студенті.
Сурет автордікі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.