Ақпараттық портал

Запастағы офицерлерге жаңа мүмкіндік

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері запастағы офицерлер қатарынан әскери қызметке шақыру жүргізуде. Осыған орай, Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде де офицер мамандығын таңдаймын деген азаматтармен жұмыстар атқарылуда.
Қарулы Күштерде қызмет ету абыройлы, жалақысы жоғары төленетін кәсіп алу мүмкіндігін береді.
Офицерлер лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырылатын адамдар мынадай талаптарға лайық болуы тиіс:
-Қазақстан Республикасының азаматтығында болуы;
-дені сау болуы;
-әскери лауазымға сәйкес келетін әскери-есептік мамандығының болуы;
-сотталғандығының болмауы.
Қазақстанда нормативтік құжаттарға сәйкес барлық әскери қызметшілерге белгілі бір жеңілдіктер бар, офицер мен оның отбасына жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасалынған. Ақшалай үлесті, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу тәртібін уәкілетті органдар белгілейді. Сондай-ақ әскери қызметшілер:
-мемлекет есебінен бекітілген нормалар бойынша заттай мүлікпен (киім-кешек) қамтамасыз етіледі;
-кезекті еңбек демалысы кезеңінде айлықақы сақтала отырып, екі лауазымдық айлықақы көлемінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленеді;
-қызмет бабын ауыстырған кезде өзіне екі айлық ақшалай қамтылым және әрбір отбасы мүшесіне айлық ақшалай қамтылымның жартысы мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді;
-жоғарғы оқу орнында оқитын әскери қызметшілердің 50 пайыз оқу ақысы мемлекет есебінен төленеді;
-ерте зейнетке шығу мүмкіндігі;
-бірінші кезекте әйелін жұмыспен қамту, балаларын балабақшаға немесе мектепке орналастыру;
– 25 немесе одан көп жыл әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге жыл сайынғы тегін санаторлық-курорттық емдеу іс-шараларымен қамтылады.
Екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылуға запастағы офицерлер келісімшарт бойынша әскери қызметке ниет білдірген азаматтар мына мекенжай бойынша қабылданады: Төле би ауылы, Егемберді көшесі 2/3 үй, Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, байланыс телефондары: 3-00-00, 3-00-02. Сондай-ақ, толық ақпарат алу үшін, кандидаттарды іріктеу комиссиясында қарастыруға әскери бөлімдердің мекенжайына баруына болады. Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен барлық қажетті мәліметтерді ала аласыздар.

Ж.Абиев,
Шу ауданы қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы, подполковник.

Leave A Reply

Your email address will not be published.