«Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілу тәртібі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» №39/НҚ бұйрығына сәйкес, Шу ауданы әкімінің аппараты «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.
Бұл мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. Қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметі алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті құжаттармен қоса жолдайды.
Қызметтің көрсетілу мерзімі 6 жұмыс күнін құрайды және қызметтің көрсетілу нысаны толығымен автоматтандырылған, яғни электронды түрде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңі 1-наурыз бен 30-маусым және 1-қыркүйек пен 30-желтоқсан аралығын қамтиды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz; www.egov.kz порталында орналастырылған.
Қызметтің қорытындысы, яғни қызметтің көрсетілгені немесе бас тартылғаны туралы ақпарат әр азаматтың «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне хабарландыру ретінде келіп түседі.
Осы заңдарға сілтемені төменде көрсетілген Qr-кодты сканерлеу арқылы толық көре аласыздар.
Ә.Мұхамеджан,
Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспекторы.