Ақпараттық портал

Сот қызметкерлерін құттықтады

Жыл сайын 24 маусымда еліміздің судьялары мен сот қызметкерлері өздерінің төл мерекесін атап өтеді. Күн сайын адам құқығы мен бостандығын қорғап, олардың тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдайтын жандардың жұмысы жеңіл емес. Атаулы күнге орай, аудан әкімінің орынбасары Н.Сұлтанбаев Шу аудандық сотына барып, қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап қайтты.
Өз құттықтауында судьялар мен сот саласы қызметкерлерінің білімі, іскерлік қабілеті, күш-жігері халықтың заңды құқығы мен ар-намысын қорғауға бағытталғанын атап өткен Найман Кенжеханұлы кәсіби мерекеге орай бірқатар сала қызметкерлеріне аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті.
-Судьялар мен сот қызметкерлері жауапты да сауапты жұмыс атқарып жүрген, абыройлы тұлғалар. Сіздердің қызметтеріңіз сот жүйесінің орнықты дамуына зор үлес қосып, Мемлекет басшысы бастама етіп көтерген заң үстемдігі қағидатын қоғамда орнықтыруға елеулі ықпал етіп келеді. Сондықтан сіздерге ең әуелі алғыс білдіріп, төл мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер,-деді Н.Сұлтанбаев.
Бұдан кейін марапаттау рәсімі өтіп, саланы дамытуға үлес қосқан мереке иелеріне тиісті марапаттар тапсырылды. Атбасын арнайы бұрып келген аудан басшылығына Шу аудандық сотының ұжымы өз ризашылықтарын білдірді.
Қазіргі таңда аудандық соттың құрамында 4 судья, 1 басшы, 12 маман еңбек етуде. Олар еліміздегі тұтас сот жүйесінің кідіріссіз жұмыс істеуіне атсалысып, халық талаптарының заң жүзінде шешілуіне мұрындық болып жүр.
(Өз тілшіміз).

Leave A Reply

Your email address will not be published.