Ақпараттық портал

Әскери міндеттілердің жыл сайынғы оқу-жиыны өтті

«ҚР Конституциясының 36 бабында Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады» деп көрсетілген. Осындай әскери қызметтің бір түрі – әскери жиын.
Әскери жиын – Қарулы Күштердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру мақсатында әскери міндеттілерді әскери бөлімдерге шақыра отырып, оларды әскери даярлау, әскери білім алу және жетілдіру бойынша әскери басқару органдары жүргізетін іс-шаралар.
Әскери мiндеттiлер:
– орталық атқарушы органдар жүргізетін жұмылдыру дайындығы жөніндегі республикалық іс-шаралар шеңберінде – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы негізiнде;
– облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті атқарушы органдары жүргізетін жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғанысты дайындау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде – облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысы негізінде әскери жиындарға шақырылады.
2012 жылдың 16 ақпанындағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына, 2012 жылдың 15 мамырдағы №620 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары» Қаулысына және 2025 жылға арналған Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің даярлық жоспарына сәйкес Шу ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен 22326 әскери бөліміне 17 шілде мен 17 тамыз арасында өткізілетін жыл сайынғы әскери жиынға әскери міндеттілер (21 адам) жіберілді.
Әскери жиынға жіберу үшін денсаулығына, моральдық-психологиялық қасиеттеріне, біліміне, өзінің және жанұясының арнайы тексеру нәтижелеріне терең зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тізілгенде тіп-тік, жиылғанда жіптіктей болатын жігерлі жігіттер іріктелді.
Жиын қорытындысы бойынша әскери міндеттілерге әскери оқу-жиынына қатысып, жүктелген қызметтік міндеттерді жоғары жауапкершілікпен және кәсіби шеберлікпен орындағаны үшін Шу ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы подполковник Ж.С.Абиевтің Грамотасы табысталды.
«Тәртіпке бағынған құл болмас» деп Бауыржан атамыз айтпақшы, әскери жиынға барған жігіттер намысын қайрап, нағыз ер-азамат деген атқа лайық болып қайтады.

Шу ауданы қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.