Ақпараттық портал

Жаңа жыл – жарқын үміттер жылы

Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Жаңа – 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, өздеріңіз бен отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Жаңа жыл – бұл өткен жылды қорытындылау, ертеңге сенімділік, жаңа шабыт, жарқын болашаққа жаңа ұмтылыс.
Қол жеткізген барлық жетістіктеріміз аудан тұрғындарының қажырлы еңбегі, қоғамдағы бейбітшілік пен өзара келісім және өз күшімізге деген сенімділіктің нәтижесі. Сондықтан, өткен жыл біз үшін өзінің жемісті жетістіктерімен есте қалмақ.
Алда атқарылатын істер әлі де көп. Біз ел Президенті алға қойған барлық міндеттерді шынайы өмірде табысты жүзеге асыратын боламыз.
Бұл жылы да көпұлтты республикамыздағы жарқын істердің куәсі болатынымызға сенім мол.
Қымбатты шулықтар!
Бүгінде тарихымыздың жаңа парағы ашылды. Үкілі үмітке толы 2026 жыл табалдырығымызды аттады. Ұлттар достығын паш еткен, биік рухымызбен игі дәстүрге айналған мерейлі мерекені қуана қарсы алдық. Сондықтан сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуын қамтамасыз етуде негізгі салалар бойынша биік белестерді бағындырдық. Маңызы зор мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда алған асуларымыз да аз емес. Өңірдің тыныс–тіршілігін одан әрі жандандыра беру жолында атқаратын істер көп. Әсіресе, инвестиция тарту, өндірісті өркендету ісін нәтижелі жалғастыруымыз қажет. Аудан халқын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету үшін көптеген мәселелерді түбегейлі шешуге тура келеді.
Қадірлі жерлестер!
Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, отбасы амандығын тілеймін!
Жаңа жыл баршамыз үшін жақсылықтың жаршысы болып, ел ішіне тыныштық пен тұрақтылық, әр отбасына шаттық пен береке әкелсін. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болып, ортақ мақсат жолында жұмыла еңбек ете берейік. Алдағы жылда ауданымыздың дамуы артып, тұрғындардың әл-ауқаты нығая берсін.
Жаңа жыл құтты жыл болсын!

Бақытжан Жәнібеков,
Шу ауданының әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.