Ақпараттық портал

Қолөнерді дәріптеуге бағытталған іс-шара

А.С.Макаренко атындағы орта мектеп жанындағы интернат айлығы аясында ұлттық рухты дәріптеуге бағытталған мазмұнды іс-шаралар өткізілді.
Осыған орай, «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» тақырыбында Өнер мектебінің «Бейнелеу өнері» үйірмесінің жетекшісі Кадырова Асель мен «Сәндік қолданбалы өнер» үйірмесінің жетекшісі Назымхан Жұлдыз тәрбиеленушілермен шығармашылық жұмыс жүргізді.
Іс-шара барысында оқушылар ұлттық нақыштағы суреттер салып, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын дайындады. Шығармашылық жұмыстар арқылы балалар халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдени мұрасы, ою-өрнек өнерінің мағынасы мен құндылығы туралы терең түсінік алды. Әрбір жасалған туындыда тәрбиеленушілердің ұлттық өнерге деген қызығушылығы мен ізденісі айқын байқалды.
Шығармашылық жұмыс соңында үйірме жетекшілері тәрбиеленушілердің жұмыстарын бағалап, белсенділік танытқан және ерекше көзге түскен оқушыларды өз тараптарынан А
лғыс хат пен сыйлықтармен марапаттады. Өз кезегінде тәрбиеленушілерді де мектеп директоры А.Тунгатаров және интернат меңгерушісі Г.Адамжанова ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлесі үшін марапаттады. Ұлттық қолөнер арқылы оқушыларға зор шабыт сыйлап, қолөнерге деген сүйіспеншілігін, қызығушылықтарын оята білген іс-шара өз деңгейінде өтті.
А.Кадырова,
Ж.Назымхан,
Өнер мектебінің үйірме жетекшілері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.