Ақпараттық портал

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ

Балалардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өнерге деген қызығушылығын арттыратын байқаулар – жас таланттардың талабын танытатын маңызды алаң. Осындай өнер додасында Техникалық шығармашылық орталығының «Шебер қолдар» үйірмесінің тәрбиеленушілері жоғары нәтиже көрсетіп, орталық мерейін үстем етті.
2026 жылғы 31 қазан – 1 қараша күндері Тараз қаласында өткен «Балаларға базарлық!» республикалық балалар шығармашылық байқау-ында жас қолөнершілер «Қолөнер» номинациясы бойынша бақ сынады.
Байқауға қатысқан Айдосқызы Аружан, Айдосқызы Ұлжан, Көбейсін Жанай, Ерасылқызы Аяулым, Қасым Айша, Көшербай Айзере және Мырзабек Айбике Мадиқызы өздерінің шеберлігі мен шығармашылық ізденістерін танытып, жүлделі І, ІІ және ІІІ орындарға ие болды.
Байқау қорытындысы бойынша І орын алған Аружан мен Айбике қолөнер бағыты бойынша шетелде өтетін байқауға жолдама жеңіп алды. Сондай-ақ, тәрбиеленушілеріміз Алматы қаласында өтетін байқауға қатысуға жеңілдікке ие болды. Ал үйірме жетекшісі Адашова Үміткүл Рысқұлқызы «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. Бұл – тәрбиеленушілердің таланты мен шығармашылық ізденісінің, сондай-ақ жетекшісі Үміткүл Рысқұлқызының жүйелі еңбегінің жемісі.
Жеңімпаздарымыз бен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, халықаралық деңгейде еліміздің мерейін үстем ете беріңіздер!
Жеңісті жолдарыңыз жалғаса берсін!
Б.ЖЕЛДЕН.

Leave A Reply

Your email address will not be published.