ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ!
Жайсан орта мектебінде жасөспірім қыздардың денсаулығын қорғау, репродуктивті денсаулық туралы сауаттылықты арттыру, ерте жастағы жүктіліктің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Адал азамат» біртұтас бағдарламасы аясындағы «Қыз Жібек» қыздар клубы жопарын іске асыру негізінде 7-10 сынып қыздарының қатысуымен «Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Умбетова ұйымдастырып, жүргізді. Тағылымды шараға салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бас маманы әрі психологы Сейтбаева Ақшолпан Алмаханқызы, салауатты өмір салты бойынша мейірбикелер Алиева Горчак Алихановна мен Кенжебекова Меруерт Қанатқызы, мектеп мейірбикесі Ф.Рустембекова және мектеп психологы Г.Диханбаева қатысты. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бас маманы әрі психологы Ақшолпан Алмаханқызы жасөспірім қыздардың денсаулығын сақтау, ерте жастағы жүктіліктің ықтимал салдары және оның алдын алудың маңыздылығы туралы түсінік берді. Сонымен қатар қыз балалардың сенімді ақпаратқа сүйенуі, денсаулығына қатысты сұрақтарды мамандармен ашық талқылауы және өз болашағына жауапкершілікпен қарауы қажеттігі атап өтілді. Мектеп мейірбикесі Ф.Рустембекова жасөспірім қыздардың денсаулығын сақтау, ағзадағы жас ерекшеліктеріне байланысты өзгерістерді дұрыс түсіну және жеке тазалық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне тоқталды. Денсаулыққа қатысты қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда медицина мамандарына уақытылы жүгінудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында мектеп психологы Г.Диханбаева жасөспірім қыздардың психологиялық саулығы, өзін-өзі құрметтеуі, жеке шекарасын сақтауы және өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдауы туралы маңызды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар қиындықтар туындаған жағдайда ата-анасына, мектеп психологына немесе сенімді ересектерге жүгінуден қысылмау керектігін жеткізді.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Умбетова кездесудің тәрбиелік мәніне тоқталып, қыз баланың тәрбиесі мен денсаулығына қамқорлық жасау – отбасы мен мектептің ортақ міндеті екенін атап өтті.
Қыз баланың бақыты – оның денсаулығында, білімі мен саналы таңдауында!
«Қыз Жібек» қыздар клубы аясында өткен кездесу өзара пікір алмасуға, маңызды ақпарат алуға және салауатты өмір салтының мәнін терең түсінуге бағытталды. Кездесуге қатысып, жасөспірім қыздарға пайдалы кеңестері мен тағылымды ойларын жеткізген мамандарға алғыс білдіреміз!
Дені сау қыз – жарқын болашақтың кепілі!
Мадина Даулетказина,
Жайсан орта мектебінің әлеуметтік педагогы.