Ақпараттық портал

ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ – БАСТЫ БАҒЫТ

Кандидат Бекмурзина Аида Рашидовна

Кандидат Бекмурзина Аида Рашидовна 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауыл инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал ету.

Өмірбаяны және еңбек жолы

Аида Бекмурзина 1987 жылғы 23 қыркүйекте Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2009 жылы Білім қызметкерлері кәсіподағының Шу аудандық филиалында аймақтық құқықтық еңбек инспекторы болып еңбек жолын бастаған. 2018 жылдан бері Шу ауданы білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы қызметін атқарып келеді.

Кандидат бағдарламасында әрбір елді мекеннің қажеттілігін ескеріп, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тиісті органдарға жеткізуді, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды және атқарылған жұмыстар жөнінде ашық есеп беруді көздейді. Бағдарлама «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген.

Инфрақұрылым және жол

Төле би ауылдық округіндегі С.Сейфуллин, Төле би, Мырза би, Әжібай, Сәрсенби, Мамбетаев, Райымқұлов, Аймамбетов, Рысқұлбеков және Досымбаев көшелеріне кезең-кезеңімен жарық орнатуға ықпал ету қарастырылған.

Коммуналдық инфрақұрылым бағытында Төле би ауылындағы Жидебай, Сауытбек, У.Асатұлы, Алтай, С.Шәкіров, Жамбыл көшелеріне және Көкжиек елді мекеніндегі Кәусар көшесіне орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу, газ тарту мәселелеріне қаржы бөлінуіне ықпал ету жоспарланған.

Кәсіпкерлік және жұмыспен қамту

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиеге қолжетімділікті кеңейту, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық бизнесті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдау көзделген. Сонымен қатар шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын ашуға ықпал ету ұсынылған.

Ауыз су, медицина және білім

Төле би ауылындағы ауыз су мәселесін шешуге ықпал ету, елді мекендерді көріктендіру және абаттандыру жұмыстарына қолдау көрсету бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі.

Ауыл медицинасының қолжетімділігін арттыру, дәрігерлік нысандардың жабдықталуын жақсарту және «Дипломмен ауылға» секілді мемлекеттік бағдарламалар арқылы медицина мамандарын ауылдарға тартуға ықпал ету қарастырылған.

Білім беру саласында мектептер мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, балалардың білім беру ұйымдарына қауіпсіз қатынауын қамтамасыз ету, балалар және спорт алаңдарын дамытуға басымдық берілген.

Әлеуметтік қолдау және цифрландыру

Қарт адамдарға, балалы отбасыларға және мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік осал топтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға ықпал ету көзделеді.

Сондай-ақ ауылдардағы ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсарту, ауылдық мекемелерді цифрландыру және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру ұсынылған.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауыл көшелерін абаттандыру, қалдықтарды жинау мен шығару жүйесін жетілдіру, елді мекендерді көгалдандыру және жайлы қоғамдық кеңістіктер құру міндеттері белгіленген.

Кандидаттың негізгі ұстанымы – тұрғындармен ашық байланыс орнату, әр ауылдың мәселесіне назар аудару және депутаттық өкілеттік аясында нақты нәтижеге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізу.

 

Дайындаған “Шу аудандық баспасы” ЖШС

Тапсырыс беруші: Бекмурзина Аида

Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.