Ақпараттық портал

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӨҢІРЛЕРДІ ӨРКЕНДЕТУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

0

Елдің дамуы ең алдымен халықтың өмір сүру сапасымен өлшенеді. Осы бағытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы Жолдауында 2027 жылды Жалпыұлттық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау туралы бастама көтерді.

Бұл – еліміздің әрбір өңірінің дамуына ықпал ететін, халықтың күнделікті өміріне қажетті инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған маңызды жоба.

Бастама шеңберінде жаңа мектептер мен медициналық мекемелер салу, спорт және мәдениет нысандарын көбейту, жолдарды жөндеу, теміржол қатынасын дамыту және коммуналдық желілерді жаңарту көзделіп отыр. Сонымен қатар ауылдар мен қалаларды сапалы ауызсу және табиғи газбен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

Жоспар бойынша, аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге қарастыру көзделген.

Бұл бастаманың маңызы зор. Себебі әрбір салынған нысан – халыққа жасалған жағдай, әрбір жаңартылған жол – өңірлер арасындағы байланыстың нығаюы, ал жаңа инфрақұрылым – экономикалық өсудің негізі.

«Халықтық құрылыс» елді мекендердің дамуына серпін беріп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған игілікті бастама болмақ.

Жауап қалдыру

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.