Ақпараттық портал

«ЕСІКТЕН – ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ: ХАЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСУ, ҰСЫНЫСТАРҒА ҚҰЛАҚ АСУ

«Әділет» партиясынан Шу аудандық мәслихатының депутаттығына №4 бірмандаттық сайлау округі бойынша кандидат Ниязбеков Болатхан Кемелбайұлы Алға ауылындағы Бармақ және Жамансарт көшелерінде сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізіп, тұрғындармен кездесті.

«Есіктен – есікке» акциясы аясында кандидат ауыл тұрғындарына «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен өзінің 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Кездесу барысында ауылдың даму перспективалары, тұрғындарды толғандырған мәселелер мен елді мекеннің өркендеуіне қатысты бастамалар жөнінде әңгіме өрбіді.

Тұрғындармен жүздесу барысында азаматтардың ұсыныстары мен сауалдары тыңдалып, көтерілген мәселелердің шешу жолдары жөнінде пікір алмасты. Халықпен тікелей байланыс орнату, тұрғындардың талап-тілегін назарға алу және өзекті мәселелерді зерделеу сайлауалды жұмыстың маңызды бөлігі екені атап өтілді.

«Есіктен – есікке» акциясы сайлаушылармен ашық диалог орнатуға, елді мекеннің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысуға және тұрғындардың пікірін тыңдауға мүмкіндік береді. Мұндай кездесулер барысында айтылған ұсыныстар мен сауалдар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді талқылауға негіз болады.

Кандидат тұрғындармен байланыс орнату алдағы жұмыстың маңызды бағыты екенін жеткізіп, сайлауалды бағдарламасында белгіленген міндеттер мен бастамаларды таныстыру жұмыстарын жалғастыратынын айтты.

 

Дайындаған: «Шу аудандық баспасы» ЖШС

Тапсырыс беруші: Ниязбеков Болатхан Кемелбайұлы

Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.

Жауап қалдыру

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.