ХАЛЫҚПЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІНЕ БАСТАР ЖОЛ
№9 сайлау округі бойынша үгіт-насихат жұмыстары аясында Мадалиев Сағадат Нұрмағанбетұлы Далақайнар, Шоқпар және Балуан Шолақ ауылдық округтеріне қарасты Жиделі станциясында «Есіктен – есікке» акциясын өткізіп, жергілікті тұрғындармен жүздесті.
Кездесу барысында кандидат тұрғындарға «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, онда қамтылған негізгі басымдықтар мен алдағы кезеңге арналған бағыттар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасып, елді мекеннің тыныс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы және күнделікті өмірде кездесетін өзекті мәселелер жөнінде әңгімелесті.

Тікелей жүздесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Әрбір айтылған мәселе мен ұсыныс назарға алынып, халықтың талап-тілегін тыңдау және жергілікті жердегі жағдайды зерделеу жұмыстың маңызды бөлігі екені атап өтілді.
«Есіктен – есікке» акциясының басты мақсаты – тұрғындармен еркін форматта байланыс орнатып, олардың ой-пікірін тыңдау, қоғамды толғандырған мәселелерді жергілікті жерге барып зерделеу. Себебі елді мекеннің дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар ең алдымен тұрғындардың нақты сұранысы мен ұсынысына негізделуі қажет.
Халықпен ашық диалог орнату – өзара сенімнің маңызды тетігі. Ал тұрғындардың үнін тыңдап, көтерілген мәселелерге назар аудару – алдағы жұмыстың негізгі бағдарларының бірі.
Мадалиев Сағадат Нұрмағанбетұлы: халықпен байланыс – жұмыстың басты негізі.
Дайындаған: «Шу аудандық баспасы» ЖШС
Тапсырыс беруші: Мадалиев Сағадат Нұрмағанбетұлы
Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.